Date of publication: 15.04.2015 18:40
Date of changing: 22.01.2019 10:56

 Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүлікті өткізу кезінде егер осы орайда құн өсімінен табысы бар болса салық органына декларация ұсынып және жеке табыс салығын төлеу керектігін көбі біле бермейді.

Мемлекеттік кірістер органдарының жұмысында актуалды мәселелердің бірі мүмліктік табыс алған жеке тұлғаларды бақылау болып табылады.Ұқсас жағдайларды болдырмау және жеке тұлғалармен салық міндеттемелерін уақытылы орындау мақсатында Акмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті аталған мәселе бойынша түсінік береді.

Мүліктік табыс қай жағдайда туындайды

Жеке тұлғалардың мүліктік табысы бір жылдан кем меншік құқықығында орналасқан мүлігін өткізу кезінде құн өсімінен түскен табысы болып табылады. Бұл пәтер, саяжай құрылыстары, гараждар, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін, жер учаскелерін және жеке тұрғын құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, саяжай құрылысы, гараж үшін ұсынылған жер үлестері, теханикалық көлік құралдары және тіркемелерге қатысты. Осы ретте меншік құқығының туындау күні уәкілетті органда с.і. әділет органдарында тіркеу күні болып табылатынын есте сақтау керек.

Мүліктік табыс сондай - ақменшік құқығында орналасқан кезеңнен тәуелсіз жоғарыда тізбектелгеннен басқа жылжымайтын мүлікті өткізу кезінде туындайды. Бұл дүкен, дүңгіршек, бутик, павильон, құрылыстар және т.б. секілді жылыжмайтын мүлік объектлеріне жатады. Бұдан басқа, тұрғын емес үй жайларға ұсынылған жер учаскелерін және жер үлестерін, саяжай құрылыстарын, гараж, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін; бағалы қағаздар, сондай - ақзаңды тұлғада қатысу үлестерін өткізу кезінде меншік құқығында орналасқан мерзіміне тәуелсіз мүліктік табыс болып табылады. Атап айтқанда, жеке тұлғалардың мүліктік табысына мүлікті жалға беруден алған табысы да жатады. Бұл норма жеке тұлғамен жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға болып табылмайтын жеке тұлғаға өзінің мүлігін жалға берген кезде қолданылады.

Бұл ретте жеке тұлға - жалға берушілер жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады. Акмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті барлық азаматтарды мүліктік табыс алған кезде дербес декларация ұсынып және уақытылы жеке табыс салығын төлеуге шақырады. Жеке тұлғалар 240.00 нысаны бойынша жеке табыс салығы жөнінде декларацияны ұсынады, ол салық органына орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31наурыздан кешіктірмей ұсынылады.

Мүліктік табыстан жеке табыс салығы, салық салу объектісіне (құн өсіміне немесе жалға беруден табыс) 10 пайыз мөлшерінде ставканы қолдану жолымен есептеледі және 10 сәуірге дейін төленеді.

Салық органына салық есептілігін ұсынбағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 272 - бабы 1 және 1 әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын салық төлеушілердің назарына

саламыз.