Date of publication: 15.04.2015 18:46
Date of changing: 30.04.2015 12:54

572-бап. Электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне қою

1. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, оның құрылымдық бөлімшелерін электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою ерікті сипатта өтеді және салық органында салық төлеуші ретінде тіркеуден өткеннен кейін жүргізіледі.

2. Салық төлеуші тіркеу есебіне қою үшін салық төлеушінің орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша салық органына келу тәртібіменқағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш береді.

Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініштітабыс ету салық төлеушінің хабарламаларды кепілдікті жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық құжаттар алмасуға, оның ішінде осы Кодексте көзделген салық органдарының хабарламаларын алуға берген келісімі болып табылады.

3. Салық органы электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғыза отырып, электрондық цифрлық қолтаңбасын береді.

 

573-бап. Электрондық цифрлы қолтаңбаны ауыстыру және жою

1. Салық төлеушi электрондық цифрлық қолтаңбаны жою немесе оны ауыстыру үшiн орналасқан немесе тұрғылықты жерi бойынша салық органына электрондық салық төлеушiнiң тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiш беруге:

1) электрондық цифрлы қолтаңбаны пайдаланудан бас тарту туралы шешiм қабылдаған;

2) тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi аяқталған;

3) электрондық цифрлы қолтаңбадан тұратын кiлтi бар контейнерлi электронды ақпарат жеткiзгiш жоғалған;

4) кiлтi бар контейнерлi электронды ақпарат жеткiзгiш жұмыс iстемейтiндей болып бүлiнген жағдайларда құқылы.

2. Электрондық цифрлы қолтаңбаны жою салық төлеушiнiң салық органымен осы бапта белгiленген жағдайларда хабарламаның кепiлдi жеткiзiлуiн қамтамасыз ететiн ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық құжаттармен алмасу құқығын тоқтатады.

3. Салық органы электрондық цифрлы қолтаңбаны жоюды немесе ауыстыруды электрондық цифрлы қолтаңбадан тұратын кiлтi бар контейнерден бас тарту немесе ауыстыру үшiн электрондық салық төлеушiнiң тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiш берiлген күннен бастап бір жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi.

4. Салық органы салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшiнсiз салық төлеушiнi мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастаған күннен бастап бір жұмыс күнi iшiнде электрондық цифрлы қолтаңбаны жояды.

5. Салық органы салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасын жоюды бір жұмыс күнi iшiнде мынадай жағдайларда:

1) салық төлеушiнi соттың заңды күшiне енген үкімі не қаулысы негiзiнде жалған кәсiпорын деп таныған жағдайда - салық органы соттың үкімін не қаулысын алған күннен бастап;

2) салық төлеушiнi мемлекеттік тiркеу жарамсыз деп танылған жағдайда сот шешiмiнiң заңды күшiне енуi негiзiнде салық органы соттың шешiмiн алған күнiнен бастап жүргiзедi.