Date of publication: 29.04.2015 12:22
Date of changing: 29.04.2015 12:24

                                                    

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясын өткізудің Ережесі

 

«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы (бұдан әрі - акция) ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен (бұдан әрі - комитет) Қазақстан Республикасы аумағында 2015 жылдың 1 сәуірі мен 30 қарашасы аралығында өткізіледі жалпы республикалық іс-шара болып табылады.

Осы ереже Комитет ұйымдастырған «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясын өткізудің ҚР «Салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер» (Салық кодексі) кодексі негізінде әзірленіп және акцияның жүргізілу тәртібін қадағалайды.

 

  1. Акцияның негізгі мақсаты

 

  • азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық сауаттылық деңгейін жоғарлату;
  • халықтың ақшалай есеп айрысулар барысында бақылау-кассалық аппаратының қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру;
  • азаматтарды тұтынушы ретінде өз құқын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеу;
  • Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша салық төлеушілерді және қоғамды бақылау-кассалық аппаратын пайдалану талап етілетіндігін ақпараттандыру;
  • бақылау-кассалық машинаны қолданысқа енгізу арқылы Қазақстандағы салық төлеушілер арасында салық тәртібін талап ету негізінде бюджетке салық түсімдерін көбейту.
  • көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту;
  • кәсіпкерлер арасында шынайы бәсеке ынтыландыру.

 

2.Жалпы нұсқау және акцияға қатысушылар

 

Акцияға қатысушылар – акция  жүргізу кезінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алғанын акцияны ұйымдастырушыларына тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алған кезінде берген түбіртектерді табыстау жолымен дәлелдеген Қазақстан Республикасының азаматтары.

Акцияға қатысуға құқы жоқтар:

- мемлекеттік кірістер органы қызметкерлері;

- заңды және жеке тұлғалар – кәсіпкерлер өздерінің атына тіркелген бақылау-кассалық машинаның түбіртектері бойынша.

 

3.Акция міндеттері

 

  • акцияның жүргізілу әр кезеңін ақпараттандыру ;
  • акцияны жүргізілуді ұйымдастыру;
  • «Сенім телефоны» қызметін қамтамасыз ету және бақылау-кассалық машинадан түбіртек бермеу туралы халықтан түскен ақпаратты өңдеу.

4.Акцияны өткізу тәртібі

 

4.1. Акция  кезінде облыс, қала орталықтарында, Астана, Алматы қалаларындағы ірі сауда үйлерінде, сауда-ойын орталықтарында, облыстардың аудандардың  және қаларының ең көлемді дүкендерінде және сауда мекендерінде бақылау-кассалық машиналардың түбіртектерін ұтыс купондарына айырбастау пунктері ұйымдастырылатын болады.

Бақылау-кассалық машиналардың түбіртектерін ұтыс купондарына айырбастау пунктері келесі құралдарымен жабдықталады:

түбіртегін ұтыс купондарына айырбастайтын тұлғалардың жұмыс орны;

ұтыс купондардың түбіртектерін жинақтағыш;

 БҚМ қолдану қажеттілігі туралы жаднамалар.

Бақылау-кассалық машиналардың түбіртегін ұтыс купондарына айырбастау пунктерінде тиісті мемлекеттік кірістер органын «сенім телефоны» туралы ақпарат орналастыру қажет.

Ұтыс купондардың түбіртектерін жинақтағыш - ұтыс купондардың екінші бөлігін акцияның бірінші кезеңнің тиісті айдың жүлдегерін анықтағанға дейін сақтауға арналған мөрленген сыйымды ыдыс болып табылады.

4.2 Акцияға қатысушыларға да, түбіртек санына да шектеу қойылмайды.

Бұл ретте бақылау-кассалық машинасының 10 түбіртегіне бір қтыс купоны беріледі.

 Бақылау-кассалық машинасының түбіртегі акция бір рет қана, акцияның жүргізу кезіндегі 1 сәуірден бастап 30 қараша дейін кез келген айында қатыса алады.

4.3. Акция үш кезең бойынша өтеді:

- бірінші кезең аудан деңгейінде, қала ішіндегі аудандарды қоса алғанда, сондай-ақ аудандар бойынша аумақтық бөлінулері жоқ қалалар.

- екінші кезең облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалаларда;

- үшінші кезең республикалық деңгейде.

4.4. Акция жеңімпаздары купондарды кездейсоқ ойнату жолымен жариялы түрде анықталады.

2015 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 қарашасы аралығында Акцияны өткізу кезеңінде, қатысушылар екі бөлімнен тұратын, Ереженің 2-қосымшасына сәйкес ойын купонын толтырады:

акция шарты туралы ақпараты бар және сәйкестендіру нөмірі бар бірінші бөлігі ойынға қатысушының өзінде қалады;

екінші бөлім қатысушының жеке мәліметтері толтырылып (Аты-жөні, тегі, мекен-жайы, телефоны және тағы басқа), арнайы жинақтаушы-жәшікке салынады.

 4.6. Акцияның бірінші кезеңін, ұйымдастырушылардың қызметі:

келесі айдан, кейінгі айдың 1 мен 5 аралығында ойын купондарын жинау:

1) жиналған купондарды жинақтаушы жәшіктен, Ереженің                             1-қосымшасына сәйкес түбіртектің саны мен елдің мекен-жайын көрсете отырып, реестр жасалады.

2) әр ауданнан 1 жеңімпазды анықтау (ауданы жоқ қалалар), жеңімпаздарды іріктеу қорытындысы бойынша хаттама толтыру және бекіту, акцияны ұйымдастырушылармен акцияның бірінші кезеңінің іріктеу нәтижесін жариялау;

3) акцияның екінші кезеңін өткізу үшін, акцияны ұйымдастырушы облыстар бойынша және Алматы, Астана қалаларының мемлекеттік кірістер департаменттеріне:

- жеңімпаздар конверттерінің қосымшасымен бірге бірінші кезеңнің жеңімпаздарын іріктеу қорытындысы туралы хаттама;

- осы тармақтың 1) қосымшасына сәйкес жасалған тізбені жеткізу.

4.7. Акцияның екінші кезеңін, ұйымдастырушылардың қызметі:

келесі айдан, кейінгі айдың 6 мен 8 аралығында ойын купондарын жинау:

  1. бірінші кезеңнің  ұйымдастырушыларымен берілген облыстар, Алматы, Астана қалалары бойынша ұтыс купондарының тізбесін жинақтау;
  2. екінші кезеңнің бір жеңімпазын анықту, жеңімпазды іріктеу қорытындысы бойынша хаттама толтыру және бекіту, екінші кезеңнің жеңімпазын анықтау нәтижесін жариялау;
  3. жеңімпаздарға тиісті облыстардың, Астана, Алматы қалаларының мемлекеттік кірістер департаменті басшысының құрмет грамотасы және жүлделі сыйлықтар беру, акцияның екінші кезеңінің барлық қатысушыларына тиісті облыстардың және Алматы, Астана қалаларының мемлекеттік кірістер департаментінің алғыс хатымен марапаттау;
  4. акцияның үшінші кезеңін өткізу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне:

- екінші кезеңнің іріктеу қорытындысы бойынша жеңімпаздың анықталғаны жөніндегі хаттамаға, жеңіпаздың конвертін қоса бере отырып;

- осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес жасалған жинақтау тізбесін жеткізеді.

4.8. Акцияның үшінші кезеңін, ұйымдастырушылардың қызметі:

2015 жылдың 6 мен 8 аралығында:

1)  акцияның екінші кезеңіне қатысу үшін 2015 жылдың 1 сәуірінен                30 қарашасы аралығында облыстар және Алматы, Астана қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерімен өткізілген, екніші кезеңнің жеңімпазының ұтыс купондарының тізбесін қалыптастыру;

2) акцияның үшінші кезеңінің бір жеңімпазын анықтау;

3) акция жеңімпазына бас жүлдені тапсыру.

 

5. Ұтысты жүргізу процедуралары

 

5.1. бағалы жүлделерді ойнату мынадай тәртіпте өткізіледі:

- Астана, Алматы қалалары, облыстар бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерімен  ай сайын  ;

- Комитетпен – 2015 жылдың 9 желтоқсанында жүргізіледі.

5.2. облыстар және Алматы, Астана қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерімен өткізілетін, бағалы жүлденің ұтыс купонын ұтып алған соңғы иегер, Комитеттің орталық аппаратында ойналатын бас жүлдеге үміткер болады.

5.3 таңдап алынған купондардың барлығы купонда толтырылған жеке мәліметтер, идентификациялық нөмірінің бар екендігіне, бақылау кассалық машина түбіртегі тексеріледі.

5.4 бас жүлдені ойнату Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комиетінің мәжіліс залында өтеді. Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10.

Ұтыс ойнауға - акцияның екінші кезеңінің, акцияның үшінші кезеңінің жеңімпаздарының ұтқан купондары жіберіледі.

Акция жеңімпаздары туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd. gov.kz. интернет - ресурсында жарияланады.

 

6. Жүлделерді тапсыру шаралары

 

6.1. Ұтыс жеңімпазы және қатысушы-жеңімпаздар жүлдені алар кезінде Комитет қызметкеріне жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге міндетті.

Бас жүлде иегері  жүлдені алу барысында заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың табыс салығын төлеуге міндеттілігі, жүлде туралы толық ақпарат және оның жалпы құны және ұтыс иесі туралы толық ақпарат толтырылған кіріс-шығыс актісіне қол қоюға тиіс.

Ұтыс иесі жеке басын куәландыратын құжаты болмаған жағдайда немесе шот-фактураға, накладнойға қол қоюдан бас тартқан жағдайда жүлдені алу құқынан айырылады, ал мемлекеттік кірістер департаменті немесе Комитет қызметкерлері жүлдені бермеуге құқылы.

6.2. Тағайындалған жүлденің салығын төлеу жауапкершілігі салық агентіне жүктеледі. Сыйлық ақшалай айырбасталынбайды. Жүлделерді айырбастауға жол берілмейді.

6.3. Ұтыс жеңімпазына бағалы сыйлық сәйкес салық заңнамаларының талаптарына белгіленген көлемдегі жеке табыс салығы  салық агенті ұстағаннан кейін ғана беріледі.

6.4.  Жүлдегер Астана қаласында тұрмаған жағдайда оның Астана қаласына келіп-кету жол шығындарын төлеуді Комитет міндетіне алмайды.

6.5.  Комитет акция жеңімпаздарын хабардар етуді және жеңімпаздың тұрғылықты мекен-жайына сыйлығын жеткізуді өз міндетіне алады.