Date of publication: 01.06.2015 10:48
Date of changing: 01.06.2015 10:52

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті   «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының  Кодексінің  645 бабының 1 тармағына  сәйкес  2015 жылдың 1 шілдесінен  бастап дизельді жағармай, алкогольді өнімдерді, жанармайды (әуе жанармайынан басқа) бөлшектеп және (немесе) көтермелеп сатуды жүзеге асырушы салық төлеушілердің деректерді бекіту және (немесе)  тапсыру функциясымен  бақылау- кассалық   машиналарын  (одан әрі- деректерді тапсыру функциясымен БКМ) қолдануды міндеттейтін норма күшіне енгендігін Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.

                 Осы норманы жүзеге асыру мақсатында  Қаржы Министрінің 2015 жылғы 7 сәуірінде тиесілі функциямен БКМ жаңа бес түрін тізілімге  енгізу туралы  бұйрығы бекітілді:

1. ПОРТ FPG-60 ФKZ

2. ПОРТ FPG -300 ФKZ

3. ПОРТ MP-55B ФKZ версия ОФД

4. ПОРТ DPG-25 ФKZ

5. ПОРТ FPG -1000 ФKZ

Жаңа БКМ есепке алудан басқа, сонымен бірге жеке іске асырылған  фискалды  тіркеушілерді модернизациялау мүмкіндігі бар:

  1. ШТРИХ-ФР-Ф-KZ
  2. ШТРИХ-МИКРО-KZФ
  3. Штрих-Мини-ФР-Ф-KZ (версия А4)
  4. Штрих-Light-ФР-Ф-KZ (версия А4)
  5. Штрих-М-ФР-Ф-KZ (версия А4)
  6. MSTAR Ф KZ (версия 3.1)     
  7. ПРИМ-07 ФKZ
  8. ПРИМ 21 KZ
  9. ПРИМ-88 ФKZ (версия В.18.41)
  10. ПОРТ FP-60 ФKZ (версия 1.00KZ)
  11. ПОРТ FP-300 ФKZ (версия 1.00KZ)
  12. ПОРТ FP-550 ФKZ (версия 1.00KZ)
  13. ПОРТ FP-1000 ФKZ (версия 1.00KZ)
  14. Аура-01 ФР-KZ (версия 3.0.633)
  15. Аура-02ФР-KZ
  16. Феликс РФ KZ (версия 230-01)
  17. МЕБИУС 8 Ф
  18. NCR 7197-printer-Мебиус 3К KZ (версия 2.89)

Деректерді тапсыру функциясымен БКМ-мен жүмыс жасау үшін  фискалды деректердің операторымен (ФДО) WWW.OOFD.KZ. порталы құрылды.

Салық органдарында БКМ есепке қою

Деректерді тапсыру функциясымен БКМ салық органдарында есепке қою барысында, салық төлеуші Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығына (ҚӨО МТБ заңды мекенжайын  көрсету керек) келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1)БКМ есепке қою туралы өтініш (Қосымша 21);

2) БКМ;

3) зауыт- өндірушінің төлқұжаты;

4) қолма –қол ақша және тауар  чектерін есепке алу кітаптары  СТ қолтаңбасымен және  мөртабанымен  бекітілген,  нөмірленген, тігінделген қолма –қол ақша және тауар  чектерін есепке алу кітаптары;

5) ФДО порталынан  жүктелген және  басылып шығарылған және  салық төлеушінің қолтаңбасымен және  мөртабанымен  бекітілген шарт.

 

Негізгі байланыс ақпараты:

  • ФДО байланыс-орталығы 590051 (қоңырау тегін) – салық төлеушілерді ақпараттық –кеңес беру, қолдау;
  • ФДО 8 (7172) 559056/559057/554983/559078 – ФДО қосымша телефондары;
  • Техникалық қызмет көрсету орталығы - 8 (7162) 26-45-41 - «Мультисофт-Евразия»ЖШС;