Date of publication: 12.01.2018 18:26
Date of changing: 16.01.2018 10:34

Бизнес-климатты жақсарту үшін батыл іс-қимыл талап етіледі, әсіресе өңірлік деңгейде.

/Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар/

 

Мемлекет басшысы алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында түсіндірме жұмыстарына ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығының ұсыныстары бойынша Көкшетау қаласында жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру жөнінде көшпелі жергілікті семинар өткізді.

Аталған семинар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты қызметкерлері, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төраға орынбасары Арғын Қыпшақов, Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығының өкілдері және МКК-нің бір топ лауазымды қызметкерлері қатысуымен өтті.

Шараға Ақмола, Костанай  и Солтүстік Қазақстан облыстарының салық төлеушілері,  қоғамдық бірлестіктер және кәсіпкерлік ортасының өкілдері қатысты.
Кіріспе сөз  Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы басқарушы кеңесінің төрағасы Жаннат Ертлесова сөйледі.

Жаңа салық кодексінің идеологиясы өзгертуді көздейді, енді ол адал салықтөлеушілерінің  мүдделерді қорғауға, экономиканың әр түрлі секторларын ынталандыруға және әкімшілендіруді жеңілдетуге бағытталған. Енді ол салықты төлеуге ынталандырады.Сондай-ақ, Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарға қайшы келетін артықшылықтар жойылды.
Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолданыстағы арнайы салық режимдері сақталатын болады. Патент құнының салық ставкасының екі пайыздан бірге дейін төмендеді (сауда қызметін қоспағанда). Ең үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, жаңа рәсімдер еңгізілген - деңгейлес мониторинг және алдын-ала түсініктеме беру, соған сәйкес уәкілетті органның ұстанымы өзгерген кезде жоспарланған операцияларға қатысты айыппұлдарды қолданбау кепілдігі бар денгейлес мониторингында  тұратын салық төлеушілер және инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын ұйымдар қолдана алады .

Шара барысында мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері жаңа Салық кодексіндегі салық саясаты, салықтық әкімшілендіру, жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу, арнайы салық режімдерін мен қосымша құн салығын қайтаруды әкімшілендіруді жетілдіруді түсінікті түсіндірді.

Өткізілген іс-шара барысында семинар қатысушаларынан түскен сұрақтарға толық жауап қайтарылды.