Date of publication: 02.02.2018 11:33
Date of changing: 02.02.2018 11:34

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы  дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында  көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру маңызды міндеті болып тағайындалды.

       Бүгінде Қазақстан арқылы бірнеше трансконтиненталды коридор өтеді. Жалпы, Қазақстан арқылы өткен жүк транзиті 2017 жылы 17 процентке өсіп, 17 миллион тоннаға жуықтады. Транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндеті тұр. Жүк қозғалысын онлайн режімінде бақылап, олардың кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеңілдету мақсатымен блокчейн сияқты цифрлық технологиялардың ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажет.

    Кедендік әкімшілендіруінің жаңалықтарға арналған Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сыртқы экономикалық қызметінің қатысушыларымен және кедендік өкілдерімен кездесу өтті.

    2018 жылғы 1 қаңтарынан бастап – «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» жаңа кеден кодексінің күшіне енді.

Бұл құжат бизнестің тікелей қатысуымен дайындалды және кедендік рәімдерді оңайлатуға, уақыттық және қаржылық шығындарды төмендетуге, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті жүргізудің либералды шарттарын орнатады.

Кодекстің негізгі новелласы электрондық кедендік декларациялаудың басымдылығы болып табылады. Енді қағаз түріндегі декларациялау тек қана авариялық жағдайлардағы ақпараттық жүйелердің ақаулары сияқты ерекше жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

Бұдан басқа қағаз түріндегі декларация транзит кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларды, жеке пайдалануға арналған тауарларды, сондай-ақ халықаралық тасымал көлік құралын декларациялау кезінде ұсынылады.

Заңнаманы бұзу тәуекелі жоқ болған жағдайда кедендік декларацияларды кеден органдарының лауазымды тұлғаларының қатысуынсыз – ақпараттық жүйелерді қолданумен автоматты түрде тіркеу және шығару мүмкіндігі қарастырылған.

Кеден органдарына алдын ала ақпаратты ұсыну бойынша қағидалар едәуір пысықталды. Алдыңғы қатарлы мемлекеттерге ұқсас алдын ала ақпаратты жеткізілімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаты үшін ұсыну қажеттілігі енгізілді.

Бұл ретте кедендік операцияларды жасауды жылдамдату мақсаты үшін біруақытта бірнеше кедендік операциялар кезінде қолданыла алатын қосымша алдын ала ақпраратты ұсыну қарастырылған.

Бизнесті жүргізуді оңайлату мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін кедендік баждарды кейін төлеу немесе бөліп төлеу мүмкіндігі ұсынылады.

       Шара барысында кедендік қүны, жіктелу, кедендік тексеру ерекшеліктері, кедендік саласындағы құқық бұзушылықтары және қылмыстық процесті жаңғырту сұрақтары қаралды.

Қойылған сұрақтарға түсініктеме берілді.