Date of publication: 09.02.2018 12:48
Date of changing: 09.02.2018 12:49

Ақмола облысының Өнірлік кәсіпкерлер Палатасының аланыңда Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріментері бұйымдарды сатушыларымен дөнгелек үстел отырысы өткізілген.

Қазақстан Республикасының қаржы, инвестициялар және даму, ақпарат және коммуникациялар, ұлттық экономика министрліктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілді.

Кәсіпкерлер енді тері бұйымдарына бақылау (сәйкестендіру) белгілерін басылғаннан кейін ғана сатуға (оның ішінде сату/қайта сату кезінде тері бұйымдарын өндіру импортынан соңғы өткізгенге дейін) міндетті.  Бұл норма бизнес жүргізу үшін бәсекелестік жағдайды теңестіруге ықпал етеді, нарықты заңсыз өнімдерден қорғайды және зияткерлік меншікке құқықтардың сақталуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, сатып алушылар https://markirovka.gov.kz сайтынан (оның ішінде Маркировка KZ – мобильдік қосымша арқылы) тері бұйымдарының заңдылыған тексеруге мүмкіндіктері бар.

Осылайша, көлеңкелі экономика көлемін қысқартады және бюджетке салықтардың түсімін ұлғайтады.

Тауарларды таңбалауды жүргізудің тәртібіне қатысты сұрақтар бойынша - 1432, +7 7162 72 12 40 нөмірлеріне жүгініңіз.«Тауарларды таңбалау» жүйесінде жұмыс жасауға қатысты сұрақтар бойынша - 1414 біріңғай Байланыс орталығына жүгініңіз.

Сондай-ақ, бақылау (сәйкестендіру) белгілерін алу үшін, GS1 Kazakhstan қауымдасығымен (http://gs1.kz/) және «Тауарды таңбалау» ақпараттық жүйесінде (https://markirovka.gov.kz) екінші деңгейдегі Эмитентпен («ISKER AKPARAT» ЖШС) келісім шарт жасау қажет. Сонымен қатар, кәсіпкерлер тері бұйымдарын дербестендіруге және тауарлар қалдықтарына БсБ-н беру туралы өтінішті пилоттық жоба іске қосылған күннен бастап (2017 жылғы 27 қараша) күнтізбелік 90 күнде тапсыруы қажет.

Осылайша 2018 жылдың 25 ақпанында 2017жылдың 27 қарашадағы тері бұйымдарынан тауарларқалдықтарына таңбалау мерзімі аяқталады.