Date of publication: 03.04.2018 17:38
Date of changing: 03.04.2018 17:52

«Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы сандық технологияларды біздің өмір сүрудің барлық салаларына кіруіне қамтамасыз етеді.

2018 жылғы 1 сәуірден бастап Сауда және даму БҰҰ конференциясының (БҰҰ ЮНКТАД) жәрдемі негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті енгізген кедендік декларациялаудың барлық режимдері тәжірибелік пайдалануға енгізілді.

ASYCUDA World  платформасының өзекті нұсқасындағы ЮНКТАД әзірлеген базаға ҚР ҚМ МКК-да Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырыдған жүйесі – АСТАНА-1 интеграцияланған кедендік компонентін енгізу кедендік рәсімдерді оңтайландыруға және Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылардың әкімшілік және уақыттық шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. АСТАНА-1 жүйесі барлық кедендік рәсімдер мен операцияларды қамтитын болады және ҚР ҚМ МКК салықтық деректер базасымен ықпалдасады, сондай-ақ ҚР-ның басқа да мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

«АСТАНА-1» АЖ-да барлық кедендік процесске автоматтандырылған бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі қосылған бірқатар ерекшеліктер бар. «АСТАНА-1» АЖ-да тәуекелдер болмаған кезде тауарларға арналған декларация автоматты түрде шығарылады.  Қалай болады және қалай болды, өзге де маңызы сәтті көрсететін елеулі айырмашылық – жүйе пайдаланушыға мүлде тегін ұсынылады. Бұдан бөлек, декларант офистан шықпай барлық кедендік операцияларды жүргізуі мүмкін – оған тек Интернетке рұқсат болса болды. Арасындағы айқын артықшылықтар – транзиттік декларацияға одан әрі қайта құрылатын алдын ала ақпараттандыруды қалыптастыру мүмкіндігі. Тағайындалған пунктке тауарлар келгеннен кейін ол электрондық құжатты сақтауды қалыптастыру кезінде ескеріледі, бұл өз кезегінде тауарларға арналған декларацияны қалыптастыру кезінде автоматты пайдаланылады.  

Бұрынғы қолданыстағы бағдарламадан өзгешелігі, жаңа формат тек автоматты тіркелуге ғана емес, сондай-ақ жасыл дәліз бойынша декларацияны автоматты шығаруға мүмкіндік береді, бұл кәсіпкер мен кедендік ресімдеуші маманның арасындағы тікелей байланысты іс жүзінде болмауға мүмкіндік береді.

Жасыл дәліз бойынша декларацияны өңдеуге және шығаруға арналған уақыт 1 минуттан аспайды - дейді «Акцепт Customs» ЖШС декларанты Бортас Сүлейменов. Бұрын осыған ұқсас экспорттық рәсімдерге 45 минут кететін, әрі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар жеке кеден органына келуі қажет болатын.  

 Мәлімет үшін, ағымдағы  жылдың сәуір  айынан бастап Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі еңгізгеннен кейін импорт-40   режимі бойынша 10 декларация рәсімделген, ал осы жылдың қаңтарынан жұмыс істей бастаған экспорт-10 режимі бойынша 1546 декларация рәсімделген.

Тауарларды  кедендік  декларациялау  максаттары  ұшiн  тұлганың таңдауы бойынша 

кеден  органы  лауазымды  адамының транзиттік  декларацияны,  жолаушыларга  арналган  кедендік  декларацияны, көлік  кұралына  арналган  декларацияны,  сондай-ақ  тауарларды  экспорт кедендік  рәсімімен  орналастыруга  байланысты  кедендік  операцияларды жасаган  кезде  тауарларга арналган  кедендік декларацияны  толтыруына жол беріледі.