Date of publication: 10.04.2018 15:14
Date of changing: 10.04.2018 15:15

Тері бұйымдарды таңбалау туралы тақырыбы бойынша «Ko`kshe» телерадиокомпаниясы тілшісі Нұргүл Нұрбайқызының бейнесюжеті жарық көрді. Бүгінгі таңда Ақмола облысында 56 сауда нүктесінде 10473 таңбаланған табиғи тері өнімдері сатылуда.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті үшінші елдердің және кеден одағының импорт әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Анжелика Толгурова  өз сөзінде Қазақстан Республикасының қаржы, инвестициялар және даму, ақпарат және коммуникациялар, ұлттық экономика министрліктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілді деп атап өтті.

Кәсіпкерлер енді тері бұйымдарына бақылау (сәйкестендіру) белгілерін басылғаннан кейін ғана сатуға (оның ішінде сату/қайта сату кезінде тері бұйымдарын өндіру импортынан соңғы өткізгенге дейін) міндетті. 

Таңбалаудың мақсаты болып:

1) тұтынушы үшін - сатып алынған өнім туралы егжей-тегжейлі ақпарат беру, контрафактілі өнімнен қорғау;

2) кәсіпкерлер үшін - бәсекеге қабілетті іскерлік шарттарды теңестіру, нарықтың заңсыз өнімдерден қорғалуы және зияткерлік меншік құқықтарының сақталуы;

3) мемлекет үшін - көлеңкелі экономиканың көлемін азайту және бюджетке салық түсімінің артуы.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер импортталатын немесе шығарылатын 4303 СЭҚ ТН тауар позицияларына сәйкес жіктелген күзен, саз қамшаты, түлкі, қоян, жанат, қой терісі және басқалардан жасалған киім элементтері таңбалауға жатады.

Жеке тұлғалар үшін жеке тұлғалармен әкелінетін кеудеге арналған бұйымдар бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалануға жатпайды.   

Сонымен қатар, сатып алушылар https://markirovka.gov.kz сайтынан (оның ішінде Маркировка KZ – мобильдік қосымша арқылы) тері бұйымдарының заңдылыған тексеруге мүмкіндіктері бар.

Тауарларды таңбалауды жүргізудің тәртібіне қатысты сұрақтар бойынша - 1432, +7 7162 72 12 40 нөмірлеріне жүгініңіз. «Тауарларды таңбалау» жүйесінде жұмыс жасауға қатысты сұрақтар бойынша - 1414 біріңғай Байланыс орталығына жүгініңіз.