Date of publication: 16.04.2018 12:00
Date of changing: 16.04.2018 12:01

Көкшетауда бухгалтерлер клубының кезекті отырысы өтті. Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қасында құрылған құрылым салықтөлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметінің қатысушылары арасында қазіргі танда әйгілі және танымал болды.

Клубтың аланында бақылау органдары мен бизнес-ортасы арасында конструктивтік диалог өтеді.

Клубтың негізгі мақсаты салық заңнамасының өзекті және проблемалық мәселелерін түсіндіру арқылы бухгалтерлерді кәсіби арттыру болып табылады

Бұл отырысында салықтық тексерулер, салық берешегі және басқада сұрақтары мен мәселелері талқыланды.

Көптеп түскен сұрақтарға, Ақмола облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері толық жауап берді.

     Шара шеңберінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалының қасында құрылған Ақмола облысының бухгалтерлер қауымдастығының қызметіне қосылу мәселелері қарастырылды.