Date of publication: 05.08.2015 16:41
Date of changing: 05.08.2015 16:44

Сыртқы экономикалық қызметтiң өсуі экономикалық, жекелік кеден, таластардың өсуіне да келтірді.  

Бірыңғай құқық кеңістікті құру, ұлттық заңнамасын үндестіру мен жақындасу мақсатында 2010 жылғы 1 қаңтардан Қазақстан, Ресей және Беларусь бірыңғай Кеден одағына кірді. Ал ағымдағы жылғы 1 қаңтардан Еуразиялық экономикалық одағы жұмысқа кірісті, оған Армения да қосылды, ал жүықта Қырғызстан қосылды. Сонымен бірге, кеден ісі саласындағы заңнамада көп деңгейлі өзгешелік болып тұр, ол құқық қолдану тәжірибеде белгілі қиындықты туғызады.

2010 жылғы 01 шілдеден күшіне енгізілген Кеден одағы Кеден кодексінің 1-баптың 2-тармағы себебінен,  Кеден одағындағы кедендік реттеу кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес, ал мұндай заңнамада реттелмеген бөлігінде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Яғни, кеден одағының кеден заңнамасы нормаларының тікелей әрекеті бар. Ұлттық заңнаманын деңгейіне жататын мәселелер «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Кодексімен реттеледі. Осы Кодексте олардың реттеуі Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасының қарамағына тікелей түсірілген немесе  Кеден одағының Кеден кодексімен қозғалмаған нормалар бейнелеун тапты.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен кеден органдарының арасындағы таластар жөніндегі азаматтық істердің негізгі категориясы соттарда келесі бағыттар бойынша қаралды:

  • Тауарларды сыныптау;
  • Тауарлардың кедендік құны;
  • Кедендік тексеріс.

Тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы (бұдан әрі- СЭҚ ТН) бойынша сыныпталуы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (бұдан әрі- СЭҚҚ) үшін ең өзекті мәселелердің біреуі болып тұр.

Біріншіден, КО СЭҚ ТН қандай сыныптау кодына тауар жатқызылғанынан кедендік әкелу\әкету баждың ставкасы және сәйкес төленетін кедендік төлемдердің мөлшері, тауарлар және көлік құралдарына тыйым салулар мен шектеулер, тарифтік емес шаралар қолдануы да байланысты болады.

Екіншіден, КО СЭҚ ТН сол алде басқа сыныптау кодына тауарды жатқызытуы көбінесе ерекше техникалық білім болуын және тауарлардың техникалық сипаттамасын, олардын өндіріс тәсілін белгілеуіне байланысты қосымша сараптамаларды өткізілуін талап еткізеді.

Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы Дүниежүзiлiк кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестiрiлген жүйесiне негiзделедi.

2004 жылғы 3 ақпандағы N 525-ІІ Заңымен Қазақстан Республикасы Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестiрiлген жүйесi туралы халықаралық конвенцияға қосылды (Брюссель, 1983 жылғы 14 шiлде).

Осы уақытта Кеден одағының аумағында 2012 жылғы 16 шілдедегі ЕЭК Кеңесінің шешімімен бекітілген Бірыңғай КО СЭҚ ТН әрекет етеді.

СЭҚ ТН – ол тауарлардың экспорттау және импорттауын мемлекеттік реттеу үшін қолданылатын сыныптауыш, яғни тауарлардың атауын, олардың кодты белгісін, тауарлардың санын өлшеу бірлігін, сондай-ақ ескертпе және түсiнiктеме берудiң негiзгi ережелерiн қамтитын тауарлардың жүйеленген тізбе.

СЭҚ ТН оларға сандық код қосылған тауарлардың тізбе болып табылады, онда тауарлар тек бір кодына бір мағыналы апарылады.

Яғни, әрбір тауарда өз он таңбалы коды бар. Алғашқы екі цифрлар тауар тобын,  алғашқы төрті- тауар позициясын, алғашқы алты- субпозицияны, барлық он- кіші субпозицияны білдіреді. Басқа жерде аталмаған, ерекше бөлінбеген тауарлар үшін «кәрзеңке» деп аталатын немесе «өзгелері» тауар позициялары бар.

  Бірыңғай КО СЭҚ ТН 1 221 тауар позиция, 5 052 тауар субпозиция, 11 171 тауар кіші субпозиция бар.