Date of publication: 12.10.2018 18:12
Date of changing: 12.10.2018 18:13

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы жылдың  9 айының  қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңесі өткізілді.

Өткізген жұмыс қорытындысы бойынша  жоспар 106,7% орындалып мемлекеттік бюджетке 115 млрд. 20 млн. теңге түсті.  Өткен жылмен салыстырғанда  мемлекеттік бюджетке 28 млрд. 594 млн. теңгеге артып түсті, немесе 133,1%.

        Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 7 мың  125  тауар декларациясы ресімделген, олардың ішінде 3684   экспорттық декларациялар, 2697 импорттық декларациялар және басқа процедуралар бойынша – 744 тауар декларация рәсімделген.

Өткен жылмен салыстырғанда экспорттың өсуі 1008 декларацияға, және 299 декларацияға импорттың төмендеуі байқалады.

Алайда, жылдық жоспардың табысты орындауы қосымша резервтерін анықтау шараларын жүзеге асыруге байланысты деп айтылды.

 Кездесу барысында сондай-ақ, Департаменттің рейтинг көрсеткіштері бойынша атқарылған жұмысы қаралды.

Аймақтық мемлекеттік кірістер басқармаларын жұмыстары, кедендік төлемдерінің және салықтардың түсімі, мемлекеттік қызмет қөрсету, салық борышты жинау бойынша және басқа да мәселелері талқыланды.

Кеңесте жұмыста орын алған кемшіліктер айттылды және оларды жою жолдары қаралды, сондай ақ оларға бұдан былай жол бермеу шешімдері қабылданды.

Департамент басшысы Таукен Ошакбаев жемқорлыққа қарсы заңнамаларын, еңбек және атқару тәртібін міндетті сақтауына баса назар аударды.

Кеңес соңында жақын болашаққа міндеттер айқындалды оның ішінде жылдық болжау көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз ету,  салықтық және кедендік әкімшілік құралдарын жетілдіру, бизнес шығындарды азайту сияқты салаларды жүзеге асыру және тағы да басқалар.