Date of publication: 16.10.2018 12:31
Date of changing: 16.10.2018 12:31

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы талқыланды.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Нұр Отан» Партиясының «Салық» алғашқы партиялық ұйымы төрағасының орынбасары   Аслан Абдрахманов өз сөзінде  Мемлекеттік басшысы өзінің Жолдауында басты басымдылықпен  Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуін белгіледі. ол атап өтсек екі құрамдастан тұрады - халықтың табысының және  өмір сапасы өсуі,  әлеуметтік қызметтердің сапалығын, қолайлы өмір сүру ортасын және қауіпсіздігін қамтитын.

Ел басының Жолдауы -  ауқымды және нақты іс-әрекеттер жоспары ол барлық қазақстандықтарға болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік басшысы елімізде берік экономикалық негіз қалыптастырғаны туралы атап өтті. 

Соңғы 20 жыл ішінде елімізге 300 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды.

Экономиканы өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнес нығайып келеді.

Дүниежүзілік Банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 36-шы орынға көтерілді.

Бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсу керектегі туралы Елбасы атап өтті.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу шегін, айыппұлды өсіре отырып, 50 мың айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды тапсырып және қаржы мониторингі комитетіне функцияларын бере отырып, Экономикалық тергеу қызметін қайта құруын тапсырылды.   

 «Қолма-қол ақшасыз экономикаға» бет бұруымызды керектігі жеке айтылды.

 Бизнестің қолма-қол ақшасыз есеп айырысуын қолдау сияқты ынталандырушы құралдарға да сүйенген жөн.  

Салық және кеден саласындағы ақпараттық жүйелер интеграциясының аяқталуы әкімшілендірудің ашықтығын арттырады.  

Бизнес  жұмысын жеңілдету үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырыс беріліді.

«Сапа» – мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру – оның басты қағидаты болуға тиіс.

Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс.

Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып, мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелері қызу талқыланып, жұртшылыққа түсіндіріледі.

          Жұмыстың басты бағыты салықтөлеушілерге қызмет алуда барынша қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Бір жылдан астам мемлекеттік кірістер органдарында халыққа кедергісіз қызмет көрсету енгізілген, мемлекеттік қызметкер мен азаматың арасында әйнек немесе басқа кедергі жоқ.

         Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтарында кезектерді басқарудың электрондық жүйесі жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызметшілердің  мінсіз әрі адал жұмыс атқарулары үшін  мемлекет тарапынан барлық қажетті жағдай жасалуда.

Бизнес пен халыққа қызмет көрсету кезінде өзара іс-қимыл процестерін  цифрландыруы  маңызды болып табылады.

Атап айтқанда, азаматтар өздерінің өтініштері қалай қарастырылып жатқаны көру және уақытында сапалы жауап алу керек.

Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметтердің 48 түрін көрсетеді, оның ішінде салықтық қызметтер – 29, кедендік қызметтер-19. Ағымдағы жылдың 9 айы қорытындысы бойынша электрондық түрде көрсетілген қызметтердің үлес салмағы 93,3 пайыз құрады.

Өткізген жұмыс қорытындысы бойынша  жоспар 106,7% орындалып мемлекеттік бюджетке 115 млрд. 20 млн. теңге түсті.  Өткен жылмен салыстырғанда  мемлекеттік бюджетке 28 млрд. 594 млн. теңгеге артып түсті, немесе 133,1%.

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларын жою, кедендік және салықтық қызметтерді түбегейлі жаңғырту, мемлекеттік кірістер органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету – осы бәрі казіргі танда негізгі міндеттері болып табылады.

Қазіргі кезеңде де күрделі мәселер тұр Еліміздің бағындыратын биіктері әлі алда.

Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің кәсіпқойлығы, нағыз азаматтық жауапкершілігі Елбасы қойған міндеттерін абыроймен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.