Date of publication: 11.01.2019 11:19
Date of changing: 11.01.2019 11:19
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бейне конференцбайланыс арқылы  2019 жылы Қазақстан Республикасының салық кодексінде еңгізілген өзгерістер туралы тақырыбы боыйнша  нұсқаулық семинар өткізілді.

Шараның мақсаты - мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін салық салу саласындағы жаңа енгізілген өзгертулер бойынша түсініктеме беру арқылы  құзыретін арттыру, сондай-ақ проблемалық мәселелерін талқылау.

Семинарға  облыстық мемлекеттік кірістер басқармаларының  қызметкерлері қатысты.

Түсіндіру жұмыстар басқармасының басшысы Шынар Мусина бірыңғай жиынтық төлемін енгізу, әлеуметтік аударымдарын, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын есептеу үшін табыстың шектеуіне өзгерістер жеке табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі, арнайы және оңайлатылған салық режимдерін қолдану, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (онлайн БКМ) қолдану туралы  және тағы да басқа сұрактарды егжей-тегжейлі атап өтті. 

Іс-шара шеңберінде барлық қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.