Date of publication: 02.12.2015 16:24
Date of changing: 02.12.2015 16:25

Жемқорлық мемлекеттік органдардың беделіне жағымсыз ықпалын тигізіп қана қоймай, кәсіпкерлер мен салық төлеушілердің сенімін үзуге алып соғады.

2015 жылдың 18 қарашасында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне арналған «Адалдық – Отансүйгіштіктің негізі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Семинарда  мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері  Райхан Газизовна Братаева және Малик Сабыргалиевич  Ахметкалиев, Ақмола облысы бойынша «Нұр Отан» филиалының партиялық бақылау инспекторы Дархан Бүркітұлы Канафин, Ақмола облысы сотының алқалары Бейсембай Ақжанұлы Сәрсенов, Ільяс Қазбекұлы Кәкім және Департаменттің қызметкерлері қатысты.

Бастапқы сөзбен Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Мергенбаевич Шәйкенов бастап, өз баяндамасында «Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіндегі жемқорлық көріністерімен күрес», «Мемлекеттік кірістер органдарының құқық қорғау органдарымен жалған кәсіпкерлік және заңсыз кәсіпкерлік қызметтері  фактілерін анықтау бойынша өзара іс – қимылдары » тақырыбтарын хабардар етті.

Баяндама сонында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің сыбайлас  жемқорлыққа қарсы түсіндіру және қоғаммен жұмыс жөніндегі кеңесшісі Малик Сабыргалиевич  Ахметкалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басты құралдары мен принциптерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеттілігін қалыптастыру бойынша мәселелерін талқылап өтті.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметке өту бөлімінің басшысы Райхан Газизовна Братаева «Мемлекеттік қызмет туралы» Заныңа 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан күшіне енетін  басты өзгерістерді атап өтті.

Семинардың бүкіл қатысушылары, сыбайлас жемқорлықпен күрес әлеуметтік азаматтық институттарының және тұрғындардың белсенді қатысуының нәтижесінде қана тиімді боларына бірінғай ойда қалды.