Date of publication: 02.12.2015 16:26
Date of changing: 02.12.2015 16:27

 Азаматтардың конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру мақсатында  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 8(7162)25-62-84 «сенім» телефонының  тәулік бойы жұмысын ұйымдастырды.

Көрсетілген нөмір бойынша экономика және қаржы салаларындағы бұзушылықтарға және құқыққа қарсы әрекеттермен байланысты, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің  заңға қайшы әрекеттері туралы түрлі хабарламаларды қабылдайды.