Date of publication: 07.06.2019 19:03
Date of changing: 07.06.2019 19:05

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 99 бабына сәйкес банкроттың мүлкiн сатуды банкроттықты басқарушы сату жоспарына сәйкес не тікелей сату әдісімен электрондық аукцион өткiзу арқылы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №178 бұйрығымен бекітілген Борышкердің (банкроттың) мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларының 2 тармағының 10) тармақшасына сәйкес борышкерлердің мүлкін сату бойынша электрондық деректер қорына бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша орналастырылған мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы айқындалды.