Date of publication: 11.06.2019 18:03
Date of changing: 11.06.2019 18:08

Қазақстан Республикасының кеден қызметі жанындағы Ресей Федерациясының кеден қызметінің өкілдігі ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің атына Ресейдің Федералдық кеден қызметі кедендік төлемдер бойынша борышкерлердің елге кіруіне тыйым салу туралы ақпараттық сервисті іске асырғаны туралы ақпарат жіберді.

Хабарламада әсіресе: «РФ-дан шығу және РФ-ға кіру тәртібі туралы» 15.08.1996 ж. № 114-ФЗ Федералдық заңның 27-бабының бірінші бөлігінің ережелеріне сәйкес, РФ-да бұрын болған кезеңде шетелдік азаматтың немесе азаматтығы жоқ тұлғаның салық төлеуден жалтаруы осындай тұлғаға қатысты РФ-ға кіруге тыйым салу туралы шешім қабылдауға негіз болып табылады. Аталған заңнама ережелері, сондай-ақ ЕАЭО кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша әкелу шарттарының бұзылуына байланысты туындаған кедендік баждар мен салықтарды төлеу бойынша міндетті мерзімінде орындамаған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға да қолданылады», - деп айтылады.

Ресей кеденінің жаңа ақпараттық сервисіне қол жеткізу мына электрондық мекенжай бойынша жүзеге асырылады: edata.customs.ru. Сервис онлайн-режимде кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен әкімшілік айыппұлдарды төлеу бойынша берешектің болуын тексеруге, сондай-ақ сол немесе өзге шетелдік азаматтардың Ресейге кіруіне тыйым салу туралы ФКҚ қабылдаған шешімдер туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. Сервис мобильді құрылғылардан да қолжетімді.

Сервистермен жұмыс істеу тәртібі толтыру үшін міндетті төрт жиегіне қажетті мәліметтерді енгізуді (Т.А.Ә.,  жынысы, туған күні және азаматтығы), Ресейдің кеден органдарына сұрау салуды жіберуді және автоматты режимде жауап алуды көздейді.

Сенімді ақпарат алу мақсатында, жиегін жеке басын куәландыратын құжатқа және кедендік операцияларды жасау кезінде қойылатын құжатқа сәйкес толтыру қажет.

Сервиске кірген кезде пайдаланушылардың назарына сіздің сұранысыңызға жауап анықтамалық сипатқа ие екендігі туралы ақпарат ұсынылған, ал заңды маңызы бар ақпаратты алу үшін кеден органдарына жүгіну ұсынылады.

Сервисті пайдалану үшін Ресей Федералдық кеден қызметіне жеке мәліметтеріңізді беруге және олардың өңдеуіне келісім беруіңіз қажет.