Date of publication: 12.06.2019 14:39
Date of changing: 12.06.2019 14:40

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 546 бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесі «Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы» шешім жобасын әзірледі.Аталған шешім жобасы қазақ және орыс тілдерінде «Ашық НҚА» порталында  қолжетімді. Қолданушылар 2019 жылдың 7-ші маусымнан бастап 2019 жылдың 21-ші  маусымнына  қоса алғандағы уақыт аралығында шешім жобасымен танысып өз пікірлерін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2340467 сілтемесі бойынша қалдыра алады.