Date of publication: 06.08.2019 09:22
Date of changing: 06.08.2019 09:24

ҚР қаржы министрінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы бұйрығымен берешек сомасын төлеу шарттары кезінде өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын есептен шығару ережелері бекітілді. « Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы « Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы. Осылайша, Заң 2019 жылдың  1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді және 2018 жылдың 1 қазанына салық берешегі бар негізгі борышты 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеу шартымен шағын және орта бизнеске өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығаруды көздейді.

 

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар (жер асты суларын, емдік балшықты өндіру құқығына ие болғандықтан ғана осындай болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда), акцизделетін өнім өндірушілер рақымшылық жасауға жатпайды.

 

01 тамыз 2019 жылдың жағдайы бойынша Ақмола облысында рақымшылықпен  пайдаланған салық төлеушілердің саны 1696 салық төлеуші. Нәтижелері бойынша 38 701,1 мың теңге  өсімпұл және 5 252,6 мың теңге  айыппұл есептен шығарылды.

Салық төлеушілерге рақымшылық жасау үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, себебі, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын дербес шоттардың жай-күйіне мониторинг жүргізіп, негізгі қарызды төлеу кезінде үш жұмыс күннен кешіктірмей есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады. Негізгі борыш сомасын, өсімақы мөлшерін салық  төлеушілер «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшаларындағы жеке шоттан үзінді көшірмені алып  анықтай алады.

 

Бұдан басқа, рақымшылық салық төлеу мерзімін бұрын алған немесе оңалту рәсімінде тұрған салық төлеушілерге де қолданылады, егер мұндай салық төлеушілер салықтық рақымшылық жасауға пайдаланса, бюджетке негізгі борыштың сомасын, онда есептен шығару үшін өсімпұлдарды және айыппұлдарды олар мерзімінен бұрын төлеуге. Бұдан басқа, оңалту рәсімінен өтіп жатқан салық төлеушілер оңалту жоспарына өзгерістер енгізуі, өзгерістерді кредиторлар жиналысымен келісуі және оларды сот бекітуі қажет