Date of publication: 12.03.2015 10:17
Date of changing: 16.05.2019 17:32

Әнуарбеков Шыңғыс Әлібекұлы – Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы

Шығыс-Қазақстан облысы Аягөз қаласында 1979 жылы дүниеге келген

Жоғары білімді. 2000   жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын

2003 жылы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін аяқтаған

 Еңбек жолы:

21.01.1998 - 01.09.1999 -  Алматы қаласы Түрксиб ауданы бойынша Салық комитеті жергілікті салықтар бөлімінің маманы, салық инспекторы

01.09.1999- 11.06.2002 - Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Аудит басқармасы  жеке тұлғалардың сыртқы аудиті бөлімінің салық инспекторы, бас салық инспекторы-бас маманының міндеттерін атқарушысы

11.06.2002- 06.10.2004 - Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитеті жеке тұлғалардың аудиті бөлімінің бастығы

06.10.2004-13.07.2006 - Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Салық комитеті жеке тұлғалардың аудиті бөлімінің бастығы

13.07.2006-07.08.2008 – Алматы қаласы бойынша Салық комитеті Өндірістік емес төлемдер басқармасы уәкілді органдарымен жұмыс бөлімінің  бастығы, Салықтық шағымдар, салық заңдылығын түсіндіру және халықаралық салық салу басқармасының бастығы

07.08.2008 - 09.02.2010 - Алматы қаласы Әуезов ауданы бойыншща Салық басқармасы бастығының орынбасары

10.02.2010 - 25.06.2010 - Алматы қаласы Бостандық ауданы бойыншща Салық басқармасы бастығының орынбасары

25.06.2010 - 24.10.2012 - ҚР ҚМ СК Жамбыл облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары

25.10.2012 - 01.04.2013 - ҚР ҚМ СК Астана қаласы бойынша Салық департаменті Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы

01.04.2013 - 28.03.2014 – ҚР ҚМ СК Астана қаласы бойынша Салық департаменті Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы

28.03.2014 - 04.11.2014 - ҚР ҚМ СК Алматы  қаласы бойынша Салық департаменті  басшысының орынбасары

04.11.2014 - 01.07.2015 – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

01.07.2015 - 02.09.2018 – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің камералдық бақылау басқармасының басшысы 

03.09.2018 - 27.03.2019 – ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендіру департаментінің камералдық мониторингі басқармасының басшысы

27.03.2019 - 08.05.2019 - ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау департаментінің қашықтық мониторингі басқармасының басшысы

2019 ж. 8 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы

Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары - «Салық қызметінің үздігі» құрметтi атақ берілді

 

 

 

Шайкенов Бауыржан Мергенбаевич - Мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары

Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласында 1969 жылы туды.

1991 жылы Көкшетау ауылшаруашылық институтын «Агрономия» мамандығы бойынша бітірді.

1995 жылы Алматы қаржы-экономикалық техникумын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірді.

2002 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы:  

  • 1992 жылдың ақпанынан  –  Кокчетав облысы Келлер ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының маманы.
  • 1993 жылдың шілдесінен – Кокчетав облысы Келлер ауданы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы.
  • 1993 жылдың қарашасынан – Солтүстік Қазақстан облысы Келлер ауданы бойынша салық инспекциясының бөлім бастығы.
  • 1998 жылдың маусымынан  – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы бойынша Салық комитетінің бөлім бастығы.
  • 1999 жылдың мамырынан – Тайынша ауданы бойынша Салық комитетінің төраға орынбасары – салық төлеушілермен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы.
  • 1999 жылдың тамызынан  – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау  ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы.
  • 2002 жылдың қазанынан – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің төраға орынбасары.
  • 2006 жылдың қазанынан – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы.
  • 2008 жылдың шілдесінен – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка  ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы.
  • 2009 жылдың мамырынан – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша  ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы.
  • 2011 жылдың сәуірінен – Ақмола облысы Көкшетау қаласы бойынша Салық басқармасының бастығы.
  • 2013 жылдың шілдесінен  – Ақмола облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары.

2001 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды;

2008 жылы Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлігі Салық комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды;

2001 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай медальмен марапатталды.

2010 жылы салық қызметі органында ұзақ жылдар және жемісті еңбек еткені үшін «Салық қызметінің үздігі» атағы берілді.