Date of publication: 19.04.2016 10:04
Date of changing: 19.04.2016 10:05

«Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (020000 индексі, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Горький көшесі 21а, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-2) 72-11-87, факс 8(716-2) 72-11-72, электрондық мекен-жайы: office@taxakmola.mgd.kz, G.Zhumagulova@kgd.gov.kz, V.Yeremina@kgd.gov.kz) «Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Ақкөл ауданы бойныша Мемлекеттік кірістер басқармасы есептеу және талдау бөлімінің бас маманы, «С-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73 288 теңгеден 99 105 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: бюджет сыныптамасына сәйкес бюджетке салықтар және төлемдер есептелуінің дұрыстығын бақылау;  ТСАЖ бағдарламасының түсім және аударымдарының бастапқы құжаттарға сәйкес-тігін салыстырып тексеру; салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге болжам жасау; бюджетке күтілетін түсімдерге есеп жасау; қазынашылық органдарымен және ТСАЖ-пен салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімі туралы есептілікті салыстырып тексеру; қате немесе артық төленген сомаларды есеп айырысу шоттарына қайтару тұжырымдарын құру; жергілікті салықтарды есептеу, жинау және есеп жүргізу жұмысын жүргізу; салық берешегінің бары (жоғы) туралы наықтамаларды беру;  ТСАЖ серверін, салық төлеушілер терминалын, Е-Тіркеу серверін, бейнебақылау серверін басқару; пошта байланысын басқару. Тоқсан сайын АТД-1 «Компьютерлік техниканың жағдайы туралы» есеп беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылым және технологиялар салаларында жоғары білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. Бұрабай ауданы бойныша Мемлекеттік кірістер басқармасы ұйымдастыру - құқықтық жұмысы және мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің жетекші маманы, «С-R-5» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 64 959 теңгеден 88 105 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: кадр жұмысын жүргізу, кадрларды оқыту және тәрбиелеу бойынша кадрлармен жүргізілетін жұмыстардың жағдайын сараптау; сот органдарында, басқа да ұйымдарда салық комитетінің мүддесін ұсыну; салық заңын және бюджетке төлемдердің түсімін қарастыратын басқа да заң актілерін қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу; әкімшілік өндірістегі материалдарды тексеру; хаттамалық бұйрықтарды орындауды бақылау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу базасын жүргізу; ИНИС АЖ базасының ақпараттық жағдайын қадалауды жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылым және технологиялар салаларында жоғары білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. Егіндікөл ауданы бойныша Мемлекеттік кірістер басқармасы ұйымдастыру - құқықтық жұмысы және мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы, «С-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73 288 теңгеден 99 105 теңгеге дейін.

         Негізгі функционалдық міндеттері: кадр жұмысын жүргізу, қаржы жылына бюджеттік тапсырыс құрау, құндылықты сақтау және бақылау, бекітілген мерзімде айлық, тоқсандық, есептерді дайындау, қаржы құжаттарын рәсімдеу жүргізу; фискалды жадысы бар БКМ тексеру, мемлекеттік бажды өндіріп алу дұрыстығын, ауылдық кассаларды тексеру; мемлекеттік бақылаушы органдардың әкімшілік тәртіпте салған айыппұлдар түсімін тексеру және бақылау; тексеру барысында есептелінген салықтар, өсімпұлдар, айыппұл сомаларының тізілімін САЭБ АЖ бағдарламасы арқылы есептелінген сомаларды салыстырып тексеру үшін тапсыру; камералды тексеру жүргізу, салық төлеушілердің арыздары мен мәлімдемелері бойынша тексеру жүргізу; ҚҚС камералды бақылау жүргізу. салық төлеушілердің ҚҚС-ды уақытылы және толық төлеуіне бақылау жасау, жалған кәсіпорындармен өзара есеп айырысу бойынша бақылау жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылым және технологиялар салаларында жоғары білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

4. Егіндікөл ауданы бойныша Мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық әкімшілендіру, салықтық тіркеу, салық есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімінің бас маманы, «С-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73 288 теңгеден 99 105 теңгеге дейін.

         Негізгі функционалдық міндеттері: салықтың дұрыс және уақытында есептелуіне және салық төленуіне бақылау жүргізу, салық төлеушілерді тіркеу, қабылдау және салық есептілігін өңдеу жұмыстарын жүргізу, болжау көрсеткішінің орындалуына, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсіміне бақылау жүргізу; салық заңнамасын және бюджетке төленетін төлемдер түсімін қарастыратын басқа да заңнамалық актілерді қолдану жөнінде түсіндік жұмыстарын жүргізу, жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға салық тексерістерін жүргізу

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылым және технологиялар салаларында жоғары білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

5. Жақсы ауданы бойныша Мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық әкімшілендіру, салықтық тіркеу, салықтық есептілігін қабылдау және өңдеу, есептеу және талдау бөлімінің бас маманы, «С-R-4» санаты, 2 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73 288 теңгеден 99 105 теңгеге дейін.

         Негізгі функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының салық заңының орындалуын қамтамасыз ету және салықтөлеушілердің құқығын сақтау; салық есепберушілігін қабылдау; мемлекеттік қызметтерді көрсету, өтініштерді қабылдау және өңдеу; ыңғайласпа тексерістерді, хронометраждық зерттеулерді, тематикалық (рейдтік) тексерістерді жүргізу, жоспардан тыс кешенді тексерістерді, сонымен қатар ҚҚС төлеушілер емес бойынша жою тексерістерін жүргізу; СОНО АЖ әкімшілендіру.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылым және технологиялар салаларында жоғары білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

6. Зеренді ауданы бойныша Мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы, «С-R-5» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 64 959 теңгеден 88 105 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: салық төлеушінің – салық міндеттемесін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Салық кодексте белгіленген тәртіппен орындауына салықтық бақылауды, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды есептеудің толықтығы мен төлеудің уақтылылығын, міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың уақтылылығын бақылауды жүзеге асыру; камералдық бақылау жүргізу; хронометраждық зерттеп-тексеруын жүргізу; салық төлеушіге қатысты тақырыптық салық тексерісін жүргізу; құзыреті шегінде салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылым және технологиялар салаларында жоғары білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

7. Көкшетау қаласы бойныша Мемлекеттік кірістер басқармасы өндеу, есептеу және дербес шоттарды жүргізу бөлімінің жетекші маманы, «С-R-5» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 64 959 теңгеден 88 105 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: ақпараттарды уақытында есепке қоюға, жинауға және өңдеуге, түсімдер туралы ақпарат жинау, түсімді сараптау, қабылданған салық есептіліктерінің өндіру, салық төлеушінің салық берешегі бар (жоқ) екендігі туралы анықтама өтініштерін енгізу, дайын құжаттарды жауап беруші бөлімдерге тапсыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылым және технологиялар салаларында жоғары білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

8. Қорғалжын ауданы бойныша Мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық әкімшілендіру, салықтық тіркеу, салық есептілігін қабылдау және өңдеу, есептеу және талдау бөлімінің жетекші маманы, «С-R-5» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 64 959 теңгеден 88 105 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: салық төлеушілердің бюджетке салықтың дұрыс және уақтылы бөлінуін жүргізуді бақылайды, салық төлеушілерді салықтық тіркеуді жүргізеді, салық төлеушілердің салық есептіліктерін қабылдайды және өңдейді; жоспарланған көрсеткіштер, салықтардың түсуі және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің орындалуын қадағалау; бөлім мамандарына қойылған мәселелердің орындалу жұмысын бақылау; ыңғайласпа тексерістерді, хронометраждық зерттеулерді, тематикалық (рейдтік) тексерістерді жүргізу, жоспардан тыс кешенді тексерістерді, сонымен қатар ҚҚС төлеушілер емес бойынша жою тексерістерін жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылым және технологиялар салаларында жоғары білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

9. Целиноград ауданы бойныша Мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық әкімшілендіру, салықтық тіркеу, салық есептілігін қабылдау және өңдеу, есептеу және талдау бөлімінің жетекші маманы, «С-R-5» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 64 959 теңгеден 88 105 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: салық төлеушілердің бюджетке салықтын дұрыс және уақытылы есептелуіне және төленуіне бақылау жүргізу, салық төлеушілердің салық тіркеулерін атқару; болжау көрсеткішінің орындалуына, салықтын және бюджетке басқа да міндетті төлемдердің түсіміне бақылау жүргізу; салық төлеушілердің арасында салық заңын және салықтын және бюджетке басқа да заң актілерін қолдану бойынша түсіндіру жұмістарының жүргізілуін қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылым және технологиялар салаларында жоғары білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушы ретінде тіркелу сұрақтары бойынша Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Адам ресурстары басқармасына жүгіну қажет.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Құжаттар Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және уәкілетті органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде Ақмола облсысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.