Жарияланған күні: 27.05.2016 14:53
Өзгертілген күні: 27.05.2016 14:56

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі, 020000 Ақмола облысы Көкшетау қаласы Горький көшесі 21а, тел.: 8(7162) 722790, факс: 72-11-72  (электрондық пошта office@taxakmola.mgd.kz), gimambayeva@taxakmola.mgd.kz, gmaktayeva@taxakmola.mgd.kz,   бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Конкурстық комиссия отырыстарына байқаушылар қатысу мүмкін

 

1. Қаржы саласындағы құқықбұзушылықтарды тергеу басқармасының бюджет саласындағы құқықбұзушылықтарды тергеу бөлімінің жетекші маманы - офицеры  (С-GDО-6 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: қаржылық-бюджеттік саладағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды (сыбайлас жемқорлық құрамын есептемегенде) анықтау, әшкерелеу және тергеу; несие-банктік саладағы қылмыстарға қарсы әрекет жүргізу (банк саласындағы және бағалы қағаздар нарығындағы қылмыстар); діни экстремизмді және терроризмді қаржыландыру көзін, каналдары мен әдістерін тоқтату.

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар: Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Құқық  қорғау қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қазақстан Республикасының Қылмыстық - процесуалдық, Қазақстан Республикасының «Кеден ісі туралы», «Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдерді төлеу туралы»  кодекстерін білу. Полиграфологиялық зерттеуден міндетті өту.

Конкурс өткізу шарттары және құжаттардың нұсқалары 17.11.2014ж. №498 «Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» бұйырығымен бекітілді.

 

Құжаттарды қабылдау мерзiмi - конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күні.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1)     Өтініш;

2)     Жеке парақ;

3)     Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

4)     Бiлiмi туралы құжаттардың (диплом мен қосымшаның) көшiрмесi;

5)     Әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылғаны туралы құжаттарының көшiрмесi;

6)     Өлшемі 3х4 фотосуреті (4 дана);

7)     Өмірбаян;

8)     Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

9)     Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының анықтама

10) Үміткердің және оның жұбайының (зайыбының) «Сыбайлас жемқорлық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғанын растайтын құжаттар ұсынады.
      Құжаттардың көшірмелерін қабылдау кезінде салыстыру үшін олардың түпнұсқалары қарастырылады немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылданады.
      Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссиямен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.