Жарияланған күні: 21.07.2015 17:54
Өзгертілген күні: 22.07.2015 09:15

  Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, жеке пайдалануға арналған тауарларға, егер:
      1) мұндай тауарлар:
      шикізат;
      тауарларды өндіру үшін арналған, жартылай фабрикаттар;
      жиынтықтаушы бұйымдар болып табылса;
      2) олардың саны мынадай көрсеткіштерден асса:
      киiм және киім заттары – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат;
      төсек-орын керек-жарақтары – бiр адамға бiр түрдегi 2 (екi) жиынтық; 
      кілемдер және басқа еденге жаятын тоқымалар – бiр адамға бiр атаудағы 2 (екi) зат; 
      бас киiмдер – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат; 
      аяқ киiм – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат;
      ан терісінен жасалған бұйымдар - бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;
      былғарыдан жасалған бұйымдар - бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;
      дәретханалық керек-жарақтар мен парфюмериялық-косметикалық бұйымдар - бiр адамға бір атаудағы 3 (үш) зат;
      тамақ өнiмдерi – бiр адамға 10 (он) килограмм;
      ұялы телефон – бір адамға 2 (екі) бірлік;
      планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;
      портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 2 (екі) бірлік;
      тұрмыстық техника және электр аспаптары – бiр адамға әр атаудағы 1 (бiр) зат;
      зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;
      велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;
      бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана;
      жеке пайдалануға арналған жоғарыда аталмаған басқа да заттар - бiр адамға әрбiр атаудағы 2 (екi) зат;
      3) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның және өту (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспайды.
      2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.
      3. Көрсеткiштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды.