Жарияланған күні: 02.12.2015 19:06
Өзгертілген күні: 02.12.2015 19:08

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жетекшісі Ерлан Хасеновпен жеке сұрақтар мен мәселелер бойынша қабылдау жүргізді.

Қоғамдық қабылдауға әртүрлі салаларда қызметті жүзеге асырып жүрген азаматтар өздерінің өзекті сұрақтарымен келді. Келушілердің арасында Ақмола облыстық Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелері Марат Жұмабеков пен Асылбек Кенжібаев болды. Облыс кәсіпкерлері атынан өкілетті болған олар, Департамент басшысы Хасеновке бүгінгі күннің маңызды деген сұрақтарын қойды. Жасырытыны жоқ, әрбір кәсіпорын, әсіресе шағын және орта бизнес мораторий аяқталған соң қандай күн кешетіндеріне, қандай тексерістер болатындығы жайлы қазірден бастап аландаулы. Сондай-ақ, ауылшаруашылық өнім өндірушілер Еуразиялық экономикалық интеграциядағы кейбір мәселелердің Қазақстанның алдағы БҰҰ мүшелігіне өткенде қайталанбау жағдайы туралы, оларға қандай жеңілдіктер қарастырылатындығын, бизнес пен бақылау-фискалды органмен басқа да өзара іс-қимыл байланыстардың қалай өтетіндігі жайлы тақырыпта сұрақтар қозғалды. Қабылдау барысында бұдан бөлек, салық амнистиясы, пайдалы қазбаларды өндіру және көптеген өзекжарды сұрақтарға қарқынды жауаптар берілді.

Осы орайда Ақмола облысының МКД бастығы Ерлан Хасенов «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауларының рөлін халық пен билік арасындағы «көпір» іспеттес маңызды екендігін атап өтті.

МКД баспасөз қызметі