Жарияланған күні: 02.12.2015 18:58
Өзгертілген күні: 02.12.2015 18:59

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Жемқорлықпен күрестің алдын алу шаралары» «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің орындалуы туралы» тақырыптары бойынша семинар өтті. Семинар жұмысына Ақмола облысы прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің және Көкшетау қаласының жастар ресурс орталығының лауазымды тұлғалары қатысты.

Семинар жұмысы барысында  сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күресің алдын алу және қолдау әдістері  мен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Бүгінгі таңда Мемлекеттік кірістер органдарындарында сыбайлас жемқорлық пен күрес жүйелi және кешендi түрде жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлық экономикалық өсу жолындағы ең iрi кедергі болып табылады, сондықтан  әдiл болашақ үшін мемлекет онымен бiртұтас күрес жүргізу керек.

МКД баспасөз қызметі