Жарияланған күні: 24.10.2017 11:11
Өзгертілген күні: 24.10.2017 11:13
«АСТАНА -1» Ақпараттық жүйесі
 
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар! Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2017 жылдың 1 қазанынан бастап «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің «Транзит» модулі сынақ жұмысын бастады. Қазіргі уақытта «АСТАНА-1» АЖ-нің келесі қызметтері іске қосылды:
 алдын ала ақпараттандыру
 бақылау-өткізу пунктін басқару
 интеграцияланған басқару
 тыйым салулар мен шектеулерді кедендік бақылау
 транзиттік тауарларды декларациялау
 тауарларды уақытша сақтау туралы құжат
 
«АСТАНА-1» АЖ-н дамыту жөніндегі жоба, 
ҚР ҚМ МКК мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Нәтижелер мен даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) арасында қол қойылған келісімге сәйкес жүзеге асырылады. Осы Жобаның мақсаттары: ДСҰ нормаларына сәйкес халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелер, электрондық декларациялау жүйесін енгізу, экспортқа және импортқа арналған құжаттардың санын қысқарту және оларды өңдеу уақытын жеңілдету, тәуекелдерді басқару және кейінгі аудиттің озық әдістерін енгізу, 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өндірістік әлеуетін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігі, контрабандамен және кеден аумағындағы басқа да құқық бұзушылықтар кеден саясатын оңтайландыру.
 
«АСТАНА-1» АЖ-ны іске асыруға дайындық кезінде Мемлекеттік кіріс комитетінің кедендік бақылау бөлімдері және Ақмола облысы бойынша  МКД «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі » тақырыбына қыркүйек айында семинар-практикумдар өткізілді, онда кеден өкілдерінің ұйымдарының мамандары, декларанттардың, тауарларды уақытша сақтау орындарының қызметкерлері қатысқан. Семинарлар видеоконференция режимінде ұйымдастырылды.
 
ҚР ҚМ МКК Кедендік және салықтық әкімшілендірудің «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесін  енгізу кедендік рәсімдерді оңтайландыруға және әкімшілік-басқаруды төмендетуге мүмкіндік береді және Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылардың әкімшілік және уақыттық ығындарын азайтады. «АСТАНА-1» жүйесі барлық кедендік рәсімдерді қамтиды ҚР ҚМ МКК салық деректер базасымен біріктіріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады. «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесін толық іске қосуды 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоспарлап отыр.
 
 Анықтамалық ақпарат үшін байланыс телефондары: 
8 (7162) 72-28-90 бойынша Кедендік бақылау департаменті, 
8 (7162) 72-11-60 ақпараттық технологияларды басқармасы.
 
 
Ақпарат  дайындаған АТБ.КББ