Жарияланған күні: 01.04.2015 19:50
Өзгертілген күні: 01.04.2015 19:51

Баршаңызға! Баршаңызға! Баршаңызға!

 

Кім тауарды сауда автоматтарында сатып алғысы және (немесе) қызметтерді терминал көмегі арқылы төлеу қызметін пайдаланғысы келсе

ЕСТЕРІҢІЗГЕ САЛАМЫЗ

Сауда автоматтардың және қызметтерді төлеу терминалдардың бақылау чегінде келесі реквизиттер болу керек:

1) салық төлеушінің атауы және оның сәйкестендіру нөмірі;

2) БКМ зауыттық нөмірі және оның салық органындағы тіркелген нөмірі;

3) чектің рет нөмірі;

4) сатып алудың күні және уақыты;

5) сатып алудың сомасы және (немесе) тауардың бағасы;

8) фискальдың белгісі.

Сауда автоматтарымен және (немесе) терминалдармен БКМ бақылау чегін бермеу және ол көрсетілген талаптарға сәйкес келмеу – аталған факт БКМ қолдану тәртібін бұзу болып табылады.

ӘҚБК 284-бабымен әкімшілік жауапкершілік көзделінген. Кәсіпкерлерге салынатын айыппұл көлемі бір жыл ішінде қайталанған кезде                    39 640-дан 79 280 теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Сауда автоматтарымен және (немесе) терминалдармен БКМ бақылау чегін бермеген барлық фактілер бойынша немесе ол көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе мемлекеттік кірістер органдарына хабарлаңыз.