Жарияланған күні: 15.04.2015 18:38
Өзгертілген күні: 22.01.2019 10:49

Жер салығы

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 497-бабына сәйкес салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және  санаттарға қарай қарастырылады.

Салық кодексінің 505 бабына сәйкес Елді мекендердің тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй (тұрғын ғимарат), оның ішінде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлеріне жататын жер учаскесінің бір бөлігі үй іргесіндегі жер учаскесі болып есептеледі.

Салық кодексінің сәйкес Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына  сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлерге бөлу жобалары (схемалары) негізінде жер салығының ставкаларын осы Кодекстің баптарында белгіленген, автотұраққа, (паркингке) автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан  жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларының 50 процентінен аспайтындай етіп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар. Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының ставкаларын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.

Осыған байланысты,  тұрғын үй салынбаған  жер учаскелеріне  Салық кодексінің ескеріле отырып базалық салық ставкасымен жер салығы есептеледі.

Сонымен қатар, Салық кодексінің тармағына сәйкес тұрғын үй қоры жоқ, яғни үй салынбаған  жер учаскелері бойынша салық төлеушілер жер салығынан босатылмаған, яғни жеңілдік қарастырылмаған.

Салық кодексінің жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей бюджетке төлейдi.

Жер салығын төлеушілер.

1. Мынадай:

1) жеке меншiк құқығындағы;

2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;

3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.

Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мыналар жер салығын төлеушiлер болып табылмайды  

1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер;

2) мемлекеттік мекемелер;

3) уәкiлеттi мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;

4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң ата-анасының бipeуi, он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:

тұрғын-үй қоры, соның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi; үй маңындағы жер учаскелерi;

өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық үшiн берiлген және құрылыс алып жатқан жерлердi қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелерi;

гараждар орналасқан жер учаскелерi бойынша;

5) «Ардақты ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар:

тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;

үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;

6) жеке тұратын зейнеткерлер:

тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер

учаскелерi бойынша;

үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;

7) дiни бiрлестiктер жер салығын төлеушiлер болып табылмайды.

Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері

Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленеді:

 

Р/с №

Елді мекеннің санаты

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)

 

Қалалар:

   

1.

Алматы

28,95

0,96

2.

Астана

19,30

0,96

3.

Ақтау

9,65

0,58

4.

Ақтөбе

6,75

0,58

5.

Атырау

8,20

0,58

6.

Қарағанды

9,65

0,58

7.

Қызылорда

8,68

0,58

8.

Көкшетау

5,79

0,58

9.

Қостанай

6,27

0,58

10.

Павлодар

9,65

0,58

11.

Петропавл

5,79

0,58

12.

Талдықорған

9,17

0,58

13.

Тараз

9,17

0,58

14.

Орал

5,79

0,58

15.

Өскемен

9,65

0,58

16.

Шымкент

9,17

0,58

17.

Алматы облысы:

   

18.

облыстық маңызы бар қалалар

6,75

0,39

19.

аудандық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

20.

Ақмола облысы:

   

21.

облыстық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

22.

аудандық маңызы бар қалалар

5,02

0,39

23.

Облыстық маңызы бар басқа қалалар 

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы

0,39

24.

Аудандық маңызы бар басқа қалалар 

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы

0,19

25.

Кенттер

0,96

0,13

26.

Ауылдар

0,48

0,09

 

 

Бұл ретте елді мекендердің санаты техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес белгіленеді

         Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық салық мөлшерлемелері

Елдi мекендердiң тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй (тұрғын ғимарат), оның iшiнде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлерiне жататын жер учаскесiнiң бiр бөлiгi үй iргесiндегi жер учаскесi болып есептеледi.

Үй іргесiндегi жер учаскелерi мынадай базалық салық мөлшерлемелері бойынша салық салынуға жатады:

1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:

көлемi 1000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;

1000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрі үшін 6,00 теңге.

Жергілiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метрi үшiн 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.

2) қалған елдi мекендер үшiн:

көлемi 5000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;

5000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңге.

Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.