Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясат басымдылығының бірі ретінде анықталды. Осы мемлекеттік саясаттың қорытындылары мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметшілердің өздерімен сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдау өзгерістерінде байқалды. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағытын одан әрі анықтау үшін Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы әзірленіп, қабылданғаны жай емес.

Қоғамдық қабылдау нәтижелі болды

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жетекшісі Ерлан Хасеновпен жеке сұрақтар мен мәселелер бойынша қабылдау жүргізді.

Қызмет көрсету сапасын арттыруда

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Жемқорлықпен күрестің алдын алу шаралары» «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің орындалуы туралы» тақырыптары бойынша семинар өтті. Семинар жұмысына Ақмола облысы прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің және Көкшетау қаласының жастар ресурс орталығының лауазымды тұлғалары қатысты.

Салықтөлеушілердің назарына!

 Азаматтардың конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру мақсатында  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 8(7162)25-62-84 «сенім» телефонының  тәулік бойы жұмысын ұйымдастырды.

Көрсетілген нөмір бойынша экономика және қаржы салаларындағы бұзушылықтарға және құқыққа қарсы әрекеттермен байланысты, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің  заңға қайшы әрекеттері туралы түрлі хабарламаларды қабылдайды.

Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне арналған «Адалдық – Отансүйгіштіктің негізі» атты семинары

Жемқорлық мемлекеттік органдардың беделіне жағымсыз ықпалын тигізіп қана қоймай, кәсіпкерлер мен салық төлеушілердің сенімін үзуге алып соғады.

2015 жылдың 18 қарашасында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне арналған «Адалдық – Отансүйгіштіктің негізі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.