Жарияланған күні: 11.07.2019 15:47
Өзгертілген күні: 11.07.2019 15:48

«Оңалту және банкроттық туралы» Заң бойынша банкроттық рәсімі – кредиторлардың талаптарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен банкроттың мүліктік массасы есебінен қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын рәсім.

Уақытша басқарушы – борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ банкроттықты басқарушыны тағайындағанға дейін банкроттық рәсімін жүргізу үшін сот тағайындаған тұлға.

Банкроттықты басқарушы – банкроттық рәсімін жүзеге асыру үшін оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган тағайындаған адам.

Уақытша басқарушы банкроттың мүліктік массасын түгендеуді жүргізеді және кредиторлардың алғашқы жиналысына түгендеу туралы есепті ұсынады.

Түгендеу туралы есеп негізінде кредиторлар жиналысы түгендеу туралы есепті мақұлдау және банкроттықты басқарушыға мүліктік массаны бағалау мен өткізуге кірісуді тапсыру туралы және түгендеу туралы есепті нақтылау және банкроттықты басқарушыға он жұмыс күнінен аспауға тиіс мерзімде қайталап түгендеу туралы есеп беру мерзімін белгілеу туралы шешім қабылдайды.

Мүліктік масса – оңалту рәсімінде немесе банкроттық рәсімінде өндіріп алу қолданынуы мүмкін борышкердiң немесе банкроттың мүлкi, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де тұлғалардың мүлкi.

Мүліктік массаның құрамына:

      - банкроттың, оның ішінде оның қаржылық құжаттарында көрсетілмеген, бірақ талап құқықтарын (дебиторлық берешек) қоса алғанда, борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлкі;

      - Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген жағдайларда банкроттың тұрақты және ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану құқықтары кіреді.

      Мүліктік массаға банкрот – дара кәсіпкердің, толық серіктестіктер қатысушыларының жеке мүлкі, толық және коммандиттік серіктестіктерінің бұрынғы қатысушыларының, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік қатысушыларының, сондай-ақ банкроттың мүлкі жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес оларға өндіріп алуды қолдану мүмкін болатын өндірістік кооперативтің мүлкі бөлек кіреді және ескеріледі.

       Мүліктік массаға:        

  • мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия объектiсiнiң құрамына кiретiн мүлiк;
  • осы Заңның 104-бабында көзделген тәртіппен және шарттармен кепілді кредиторға берген жағдайда кепіл мүлкі;
  • уақытша өтеусіз және уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы;
  • кредиторлар жиналысының лизинг нысанасын мерзімінен бұрын сатып алу туралы шешім қабылдау жағдайын қоспағанда, лизинг нысанасы енгізілмейді.

      Жаңадан анықталған не мүліктік массаға қайтарылған мүлікке (активтерге) бағалау жүргізу туралы шешімді банкроттықты басқарушының түгендеу туралы есебін қарау кезінде кредиторлар комитеті қабылдайды.

         Жиналыстың не кредиторлар комитетінің бағалау туралы шешімінде конкурстық комиссияның саны мен құрамы туралы мәліметтер және бағалаушыны таңдау жөнінде конкурс жариялау және өткізу үшін мерзімдер қамтылуға тиіс.

Жиналыстың не кредиторлар комитетінің шешіміне сәйкес банкроттықты басқарушы конкурстық негізде тиісті мамандарды тарта отырып, дебиторлық берешекті қоса алғанда, борышкердің мүлкін (активтерін) бағалауды жүргізеді.

          Банкроттықты басқарушы кредиторлар жиналысы шешімінің негізінде мүлікті оның теңгерімдік құны бойынша электрондық аукционға қоюға құқылы.

Қазақстан Республикасының заңдарында борышкерді банкроттыққа жеткізгені үшін өзге тұлғалардың субсидиарлық жауапкершілігі көзделген жағдайларда бұл жауапкершіліктің мөлшері кредиторлар талаптарының жалпы сомасы мен банкроттың мүліктік массасы арасындағы айырма ретінде айқындалады. Банкроттықты басқарушы осындай тұлғаларға борышкердің барлық кредиторларының мүдделері үшін талаптар қоюға міндетті. Жекелеген кредиторлардың өз мүдделерi үшін мұндай талаптар қоюына жол берiлмейдi.