Жарияланған күні: 07.08.2019 09:01
Өзгертілген күні: 07.08.2019 09:05

Үкімет басшылары бастаған  «Бірге – таза Қазақстан!» эко-челлендж жалпықазақстандық сипатқа ие болып, оған Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментінің қызметкерлері  да белсене қатысты. Экологиялық акция аясында Көкшетау қаласындағы Қопа көлі мен Қылшақты өзендерінің жағалаулары және көкшетаулықтардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналған Бұқпа тауының байрауы күл-қоқыстан тазартылды.

Жалпыреспубликалық деңгейдегі «Бірге, таза Қазақстан» экологиялық акциясы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталып отыр. Сондықтан, осы жолы туристік аймақтың ең маңызды орындары, яғни Қопа көлі мен Қылшақты өзендерінің жағалаулары және Бұқпа тауының баурайы назарға алынды.