Жарияланған күні: 14.06.2019 22:13
Өзгертілген күні: 14.06.2019 22:14

 

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталын пайдалану
сұрақтары бойынша декларанттармен және кедендік өкілдерімен семинар өткізілді.

Кедендік бақылау басқармасының бас маманы Арғын Азбаев айтуы бойынша

сауда рәсімдерін нақты жеңілдету үшін басым бағыттарының бірі Кеден процестерін барынша автоматтандыру болып табылады.

Осы мақсатта қаржы министрлігі экспорттық-импорттық операциялар бойынша "Бірыңғай терезе" ақпараттық жүйесін енгізді.

Ағымдағы жылдың 27 наурызынан бастап "Бірыңғай терезе" сыртқы порталын іске қосу арқылы жүйені пайдалануға берудің бірінші кезеңі басталды, екінші кезеңде жүйенің қалған компоненттері пайдалануға берілді.

Жүйе БҰҰ №33-34 ұсынымдарына және сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі келісімнің ережелеріне және т. б. сәйкес инновациялық тұжырымдамаға негізделген.

"Бірыңғай терезе" порталының көмегімен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар бірыңғай кіру нүктесі арқылы стандартталған түрде экспорттық-импорттық операцияларды жасау үшін қажетті ақпаратты ұсына алады. Сонымен қатар, портал тауарларды әкелу/әкету үшін қажетті ақпаратты алдын ала алуға мүмкіндік береді.

Бұрын кедендік операцияларды жасау алдындағы көптеген қызметтер мен функциялар әртүрлі бытыраңқы жүйелерде көрсетілді, көп жағдайда қажетті дерекқорлармен интеграцияланбаған.

"Бірыңғай терезе" порталы 13 ақпараттық ресурстарды біріктірді, олардың мәліметтері кедендік операцияларды жүргізу үшін қажетті ақпаратты алу үшін қажет (АСТАНА-1, "Е-лицензиялау" МДҚ, ИТТ, дәрілік заттардың тізілімдері, зияткерлік меншіктің мемлекеттік тізілімі, сәйкестікті растайтын құжаттар, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, алдын ала шешімдер жинағы), сондай-ақ 11 ақпараттық жүйемен интеграциялау қарастырылған («ОБЖШ», "Е-Лицензиялау" МДҚ, "Жеке тұлғалар" МДҚ, "Заңды тұлғалар" МДҚ, "Сервистік орталық" ААЖ ҚР ІІМ ҚАП, "Жылжымайтын мүлікті тіркеу" МДҚ, ЭҮТШ, ЭШФ, ҚСжАЕК АЖ, "Бірыңғай сақтандыру деректер қоры").

Енді "Бірыңғай терезені" енгізу СЭҚ қатысушыларына қандай да бір құжаттар мен рұқсаттарды жинау үшін әр түрлі инстанцияларға барудың қажеті жоқ болған жағдайда жағдай жасайды. Бір портал арқылы электрондық түрде көрсетілетін қызметтерді алу жеткілікті болады.

 "Бірыңғай терезе" порталына кіру туралы ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы Валерий Лобов баяндады.

 

Жүйенің жұмысын қамтамасыз ету мақсатында NCALayer бағдарламасын Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының ресми сайтынан алдын ала жүктеу қажет (http://pki.gov.kz/index.php/ru/ncalayer).

* Жұмыс істеу ыңғайлылығы үшін, қолданбаны іске қосуға болады.

Браузерде интернет арқылы жүйеге кіру үшін экспорттық-импорттық операциялар бойынша "Бірыңғай терезе" порталының үй бетінің мекенжайын енгізу қажет – eokno.gov.kz (немесе sw.gov.kz).

Порталдың жаңа пайдаланушылары тиісті қойынды "ӨЗІН-ӨЗІ ТІРКЕУ" бойынша ауыса отырып, өзін-өзі тіркеу рәсімінен өту қажет, содан кейін жүйеде жұмыс қауіпсіздігі саясатымен танысу, сондай-ақ мәртебесіне байланысты қандай есептік жазбамен "заңды" немесе "жеке" тұлғаны таңдау ұсынылады.

Жеке тұлғаны тіркеген жағдайда жеке деректерді енгізу терезесі шығады, онда бастапқыда қол қою үшін ЭЦҚ таңдау (RSA... файлы), одан пароль енгізу және "КІЛТТЕР ТІЗІМІН ЖАҢАРТУ" батырмасын басу қажет.

Заңды тұлғаны тіркеу кезінде қол қою үшін ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ЭЦҚ таңдау қажет (RSA ... файлы).

Жүйе "Жеке" және "Заңды тұлғалар" МДҚ-мен интеграцияланған, сондықтан ЭЦҚ иесі туралы мәліметтер автоматты түрде толтырылатын болады.

Бұл ретте, электронды поштаның мекенжайын тексеру, телефон нөмірлерін, соның ішінде ұялы телефон нөмірін толтыру қажет – кейіннен жүйеде жұмыс істеу мәртебесі туралы хабарламаларды алу үшін, сондай-ақ ЭЦҚ пайдаланбай жүйеге кіру үшін логин мен парольді анықтау қажет.

Көрсетілген мәліметтерді толтырғаннан кейін "пайдаланушының есептік жазбасы үшін өтінімді жіберу" бастырмасына басу және іске қосу жөніндегі нұсқаулық келіп түсетін электрондық поштаны тексеру және белгілі бір сілтемені басу қажет.

Аталған әрекеттер өзін-өзі тіркеу рәсімінен өтуге және кейіннен жүйеге кіру үшін таңдалған логин мен парольді пайдалануға мүмкіндік береді.

Telegram-да "Бірыңғай терезе" порталының жұмыс мәселелері бойынша қолдауды қамтамасыз ету үшін жария топ құрылды, оған сілтеме бойынша қосылуға болады: https://t.me/eoknokz.

Дүниежүзілік Банктің сауалнамасын тіркеу және толтыру мәселесі бойынша Мемлекеттік кірістер комитетіне телефон арқылы хабарласа аласыз 8(7172)70-20-95, 8(7172)71-82-76.