Жарияланған күні: 19.06.2018 19:13
Өзгертілген күні: 19.06.2018 19:14

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде  аймақтық салық төлеушілер бірлестігі өкілдерімен бірге тәуекелдердің дәрежесін есептеу әдістемесінің жобасын талқылауы өткізілді.

Мемлекеттік кірістер департаментінің талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Аслан Абдрахманов салық төлеушілер тәуекел дәрежелері бойынша санатталынатын, құпия ақпарат болып табылмайтын, тәуекелдердің есептеу тәртібінің әдістемесін презентациясын ұсынды.

Салық кодексінің 137 бабына сәйкес салық органдары салық төлеушілер (салық агенттері) ұсынған салықтық есептіліктің деректерін, уәкілетті мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті тұлғалардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа құжаттарды және (немесе) мәліметтерді талдауды жүзеге асырады.

Осындай талдау нәтижелерінің негізінде Салық органдары 2019 жылдын 1 қантардан салық төлеушілерді (салық агенттерін) олардыңқызметін тәуекел дәрежесі төмен, орташа немесе жоғары санаттарға жатқызу арқылы санаттарға бөлуді және салықтық әкімшілендіру шараларын саралап қолдануды жүзеге асырады.

Талқылау барысында сұрақтар қойылды, қойылған сұрақтарға толық жауаптары берілген.

Ақмола облысы бойынша салық төлеушілер бірлестіктерінің өкілдері қарастыру және бизнес-қауымдастықпен талқылау барысында ұсынылған жоба бойынша өз ұсыныстарын енгізетіні туралы куәландырды.