Жарияланған күні: 20.08.2019 11:56
Өзгертілген күні: 20.08.2019 11:59

Ақмола облысының Өнірлік кәсіпкерлер Палатасының аланыңда Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері    Еуразиялық экономикалық одағынан Қазақстан аумағына тауарлар жеткізетін кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел өткізді.

Шара барысында жанама салықтарды төлеу тәртібі, қосылған қүн салығының  төленген фактісін растау тәртібі, салық есептілігін табыс ету, салық кодексінің ережелерін бұзған жағдайда жауапкершілік, тауарларды импорттау кезінде төленген қосылған қүн салығының  сомаларын түзету тәртібі және ЕурАзЭҚ аймағынан заңсыз тауар әкелу бойынша  жауапкершілік және басқа сұрақтары  талқыланды.

Сонымен қатар Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен Ресей Федерациясынан растайтын құжаттарсыз импортталған 9 млн. 789,9 мың теңге сомасына тауар-көліктін 4 фактісі анықталды.   ҚҚС төлеуге сомасы 1 млн. 175,7мың теңге құрады.

Автокөлік құралдарының жүргізушілер Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі 571 бабының 2-1 бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып оларға 113,1 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Кездесу барысында қатысушылар қойған сұрақтарына толық жауаптар алды.