Жарияланған күні: 04.12.2018 18:20
Өзгертілген күні: 04.12.2018 18:21

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету мақсатында Көкшетауда «РИО» сауда-ойын сауық орталығында «Халықтық заңгер» жалпыреспубликалық акциясы өтті. Шараға әр түрлі салаланың 40 астам кәсіби заңгерлері қатысты, олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері және тағы да басқалар.

    Шараға қатысқан Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің заң басқармасының басшысы Болат Әбетов аталған іс-шара өте маңызды және пайдалы деп санайды.

   Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс.

     Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып, мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелері қызу талқыланып, жұртшылыққа түсіндіріледі.

Жие  қойылған сұрақтар арасында жер қатынастары, салықтық аударымдар, әлеуметтік қорғау және басқа да мәселелер болды.