Жарияланған күні: 08.05.2019 17:56
Өзгертілген күні: 08.05.2019 17:57

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінде Қазақстан Республикасының Отан қорғаушы күніне және Ұлы отан соғысындағы жеңісіне арналған  салтанатты жиын өтті.

Департамент әйелдер ұжымы ер әріптестеріне мереке көңілді және жан тебірентер әндер ғана емес, сонымен қатар байқаумен викториналарда өткізілді.

Облыстық Мемлекеттік кірістер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасыТеңбай Ибраев өз сөзінде екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында біздің Отанымыздың еркіндігін және тәуелсіздігін қорғауды қамтамасыз ету үшін, майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор.

Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. 1942-1943 жылдар аралығында республика ауыл шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Әрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды. Әйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды.
Сол кездегі халық аузындағы ең негізгі ұран «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» еді. Станоктың жанында 12-14 жасар балалар жұмыс істеді. Қыз бала: Ауыл адамдарының жіберген сыйлықтары біздің майдан шебіндегі жауынгерлеріміздің жан-дүниесін қатты тебіретті. Бұл сыйлықтар ауыр соғыс күндерінің өзінде оларға ауыл мен майданның мызғымас бірлігін еске түсірді, оларға ұлкен моральдық қолдау болды...

Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер-тыл еңбеккерлеріне сыйлықтар табыс етті.

Департаменттің «Самұрық»  би ұжымы кәріс халық биімен таныстырды.

Көкшетаулық  әншісі Жанар Ахметова  «Ризамын» және  «Түсінші мені»  деген танымал әндерді орындады.

Департаменттің  вокалдық тобының әншілері патриоттық әндерді шырқады.

          Мереке соңында естелік фотосурет түсірілді.