Жарияланған күні: 30.11.2018 15:18
Өзгертілген күні: 04.12.2018 18:18

1 желтоқсан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» қарсаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәжіліс залында салтанатты жиналыс өтті. Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Таукен Ошақбаев өз сөзінде

Ел басының халқы мен мемлекетке  сіңірген еңбегін атап өтті.

Қазақстан халқы өздерінің тағдырына  тәуелсіздікті баянды ету жолындағы қызығы мен қиындығы мол алмағайып заманда әлемдік ауқымда ойлайтын, бүгінгі күннің тамырын дәл басып, ертеңгі күнді ондаған жылдар бұрын бағамдай білетін Нұрсұлтан Әбішұлындай дана мемлекет басшысының тап келгеніне қуанады. Сондықтан да күні ертеңгі 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – бүкіл халықтық  мереке.   Тұңғыш Президент күнін атап өту ол, Қазақстан әр азаматының жүрегіне сенімділік, болашақ ұрпағына жеңіс пен жасампаздық рухын ұялататын, жігер беретін киелі ұғым болуы тиіс.

Қазақстан  қаржы органдарынында көп жылдық мінсіз еңбегі және зейнетке шыққаннан кейін мемлекеттік кірістер органдарынына жемісті жұмыс пен көмегі үшін салық органдарының ардагері, зейнеткер Тамара Анатольевна Гайфутдинова Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрмет грамотасымен марапатталды .

Шара барысында ұжымның назарына «Мемлекет басшысы» атты бейнефильм көрсетілді.

Бүгінде Тұңғыш Президент - қазақстандықтардың қиындықтырының  жеңісінің символы болып табылады. Тұңғыш Президентінің күні  Қазақстанның егемен жолында көпқырлы және жан-жақты жетістіктерін көрсетеді.