Жарияланған күні: 13.05.2019 18:40
Өзгертілген күні: 13.05.2019 18:43

   Бүгін, 2019 жылдың 13 мамырында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы жаңадан тағайындалған Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әнуарбеков Шыңғыс Әлібекұлын ұжымға таныстырды.

  Әнуарбеков Шыңғыс Әлібекұлы, 1979 жылы туған, қазақ, жоғары білімді. Еңбек жолын 1998 жылы салық органдарында бастаған. Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде әртүрлі лауазымдар атқарған. Алматы қаласы бойынша Салық департаменті, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері басшысының орынбасары. 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Камералдық бақылау басқармасының басшысы, одан кейін Қашықтан мониторинг жүргізу басқармасының басшысы.

  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы  №426-ж/қ бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.