Жарияланған күні: 20.08.2019 12:26
Өзгертілген күні: 20.08.2019 12:28

2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап Түрікменстанның кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға кедендік бақылау күшейтілетіндігін хабарлайды.

Түрікменстанның кедендік заңнамасына сәйкес кедендік транзитке рұқсат алу үшін тасымалдаушы (экспедитор) жөнелтуші кеден органынан кез келген коммерциялық, көліктік (тасымалдаушы) құжаттар және (немесе) келесі мәліметтері бар кедендік құжаттарды ұсыну қажет:

- тауарларды жөнелтушінің (алушының) атауы және орналасқан жері туралы;

- тауарларды жөнелтуші (межелі ел) ел туралы;

- егер экспедитор кедендік транзитке рұқсат алса, тауар тасымалдаушысының немесе экспедитордың атауы мен орналасқан жері туралы;

- Түрікменстанның кедендік аумағы арқылы тауарлар тасымалданатын көлік құралы туралы, ал автомобильмен тасымалдау кезінде – сондай-ақ көлік құралының жүргізушісі туралы;

- тауарларды сипаттау және оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесіне сәйкес тауарлардың түрлері немесе атаулары, саны, құны, тауарлардың сыныптамалық кодтарының салмағы немесе көлемі туралы;

- жүк орындарының жалпы саны туралы;

- тауарлардың межелі пункті туралы;

- жоспарланған тауарлардың қайта тиелуі немесе жолдағы басқа жүк операциялары  туралы;

- тауарларды тасымалдаудың жоспарланған мерзімі туралы;

- егер тауарлар белгілі бір бағдарлар бойынша тасымалданатын болса, бағдар туралы. 

Кедендік ресімдеуді жеделдету үшін, кедендік ресімдеуді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты (соның ішінде тауарлардың атауы туралы мәлімет) түрікмен тілінде  ұсыну ұсынылады.

Кедендік рәсімдеудің өндірісі үшін тасымалдаушылар (экспедиторлар) жұмысы Түрікменстанның ішкі және шекара маңындағы кеден бекеттерінде ұйымдастырылған кедендік брокерлердің (өкілдердің) қызметтерін пайдалана алады.

Түрікменстанның кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға кедендік бақылауды күшейту, сондай-ақ тауарларды тасымалдау кезінде белгіленген талаптарға сәйкес тиісті ілеспе құжаттардың болуын қамтамасыз ету мақсатында, 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Түрікменстанның кеден органына  жоғарыда аталған барлық мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынылмаса немесе дұрыс емес мәліметтері бар құжаттар ұсынылса, кеден органымен Түрікменстанның кеден аумағы бойынша тауарлардың кедендік транзитіне рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.