Жарияланған күні: 07.03.2018 18:01
Өзгертілген күні: 07.03.2018 18:02

Қазақстанда көгілдір экранның сәуле шашқанына биыл – 60 жыл. 1958 жылы қазақ телевизиясының іргетасы қаланды. Сол жылы наурыз айында Алматы студиясынан алғашқы хабар берілді. Осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын қарапайым отбасы үшін теледидар деген қолжетімсіз дүние еді. Шағын ғана аппараттар кеңестік азаматтардың өмірін қызықты ете түсті. 

Салыстырсақ, егер бұрын арнаны тек қана жақын орналасқан аймақ аудандары көре алатын болса, казір жүзден астам шетел мемлекеттерінің  көруге мүмкіндігі бар.

    Қазіргі таңда  «Ko`kshe» телеарнасы заманға сай заманауи кәсіби жоғарғы сапалық сандық аппаратурамен жабдықталған, монтажды атап өтсек толық компьютерде жасалынады. Ғаламторда өзінің сайты және әлеуметтік желілерде парақшалары бар.

Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Сәпиоллаұлы Ибраев және Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Шынар Мусина «Qazaqstan» телеарнасы  Ақмола облыстық филиалының директоры Әлібек Татановты маңызды күнімен құттықтай отыра, мерейтой қарсаңында телеарна ұжымына шығармашылық табыс, алға қойған мақсаттарына жетуде шалқар шабыт тіледі!