Жарияланған күні: 29.12.2018 17:26
Өзгертілген күні: 29.12.2018 17:28
Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері мемлекеттік кірістер органдарынының ардагерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Жайылған дастархан үстінде қарияларға зор денсаулық пен игі тілектер білдірілді.

Шара барысында Қазақстан  қаржы органдарынында көп жылдық мінсіз еңбегі және зейнетке шыққаннан кейін мемлекеттік кірістер органдарынына жемісті жұмыс пен көмегі үшін салық және кеден органдарының ардагерлері, зейнеткерлер Зия Балтабаева мен  Аля Тыржанова Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ардагерлердің жүздерінде күлімсірегені көргенде осындай кездесулердің маңыздылығын жақсы түсінеге болады – дейді Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Батырхан Қәрімов – үлкен жастағы адамдарды құрметтеу және оларға қамқорлық жасау біз үшін өте маңызды, біз олардың өте кұнды еңбегін және өмірлік тәжірибесін шын жүректен сыйлаймыз.

Баян сүйемелдеуімен зейнеткерлермен бірге  «Ана туралы жыр», «Когда весна придет», «Құстар»   және тағы басқа да  танымал әндер шырқалды.

Іс-шара соңында естілік үшін фотосуреттер түсірілді.

Құрметті ардагерлер Жаңа 2019 жыл отбасыңызға зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, бақыт, қуаныш, құт-береке әкелсін!