Жарияланған күні: 08.06.2018 18:36
Өзгертілген күні: 08.06.2018 18:37

Акмола облысының аймақтық Орталық коммуникация қызметінде кеден саласындағы жаңалықтары және басқа да мәселелер бойынша брифинг өткізілді.

    Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» ұлт жоспарының «Индустрияландыру және экономикалық өсу» үшінші бағыты бойынша 38  қадамы экспорттаушылар мен импорттаушылар кедендік ресімдерін өту кезінде «бір терезе» принципін еңгізуін» жүзеге асыру көзделген. Электрондық декларациялау жүйесін дамыту (тауарлардың кедендік рәсімдеу бойынша  автоматтандырылған жүйесін енгізу). Экспорт және импортқа арналған құжаттардың санын қысқарту, және олардың өңдеу уақытын азайту.. Осы тапсырмаларды  орындау және кедендік заңнамаларын жетілдіру үшін ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап  - «Қазақстан Республикасында кедендік ретеу туралы» жаңа кеден кодексі күшіне енді.Бұл құжат бизнес өкілдерінің тікелей қатысуымен дайындалды және ол кедендік рәсімдерін жеңілдетуге, уақыт пен қаржылық шығындарды қысқартуға бағытталған, сондай-ақ  сыртқы-экономикалық  қызметіне либералдық жағдай жаратырылған. Кодекстің негізгі новелласы электрондық кедендік декларациялаудың басымдылығы болып табылады. Енді қағаз түріндегі декларациялау тек қана авариялық жағдайлардағы ақпараттық жүйелердің ақаулары сияқты ерекше жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Бұдан басқа қағаз түріндегі декларация транзит кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларды, жеке пайдалануға арналған тауарларды, сондай-ақ халықаралық тасымал көлік құралын декларациялау кезінде ұсынылады.

    Заңнаманы бұзу тәуекелі жоқ болған жағдайда кедендік декларацияларды кеден органдарының лауазымды тұлғаларының қатысуынсыз – ақпараттық жүйелерді қолданумен автоматты түрде тіркеу және шығару мүмкіндігі қарастырылған.

    Кеден кодексінің негізгі новелласы және АСТАНА-1  пилоттық  жобасы туралы Мемлекеттік кірістер департаменті басшынының орынбасары Елдос Саудабаев баяндады.

    «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы сандық технологияларды біздің өміріміздің барлық салаларына кіруіне қамтамасыз етеді.

     Қазіргі танда электрондық кедендік декларациялау жүйесін құру шеңберінде мемлекеттік кірістер органдары Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі – АСТАНА-1 еңгізген.

      «Астана1» жобасын жасау Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен БҰҰ сауда және дамыту бойынша Конференциясы (ЮНКТАД) арасында жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

     Жоба міндеті кедендік саясат пен процедураны ДСҰ нормаларына, халықаралық стандарттар мен озық тәжірибеге сәйкес оңтайландыру, электронды мағлұмдау жүйесін енгізу, экспорт пен импортқа қажетті құжаттардың саны мен оларды қарау уақытын азайтуға септесу, тәуекел мен кейінгі аудитті басқарудың озық әдістемесін енгізу.

      «Астана1» жобасын жасау Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен БҰҰ сауда және дамыту бойынша Конференциясы (ЮНКТАД) арасында жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

     Жоба міндеті кедендік саясат пен процедураны ДСҰ нормаларына, халықаралық стандарттар мен озық тәжірибеге сәйкес оңтайландыру, электронды мағлұмдау жүйесін енгізу, экспорт пен импортқа қажетті құжаттардың саны мен оларды қарау уақытын азайтуға септесу, тәуекел мен кейінгі аудитті басқарудың озық әдістемесін енгізу.

    Жүйе деректер базасына сәйкес декларанттарды тексереді, тәуекелдерді басқаруды жүзеге асырады, нақты уақыттағы кедендік транзитін интеграцияланған бақылаудан өткізеді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа, контрабанда, контрафактілік және басқа құқықтарға қарсы әрекетке күрес атқарады.

    АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі еңгізгеннен кейін кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтауға және тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне жұмсалатын уақыт қысқартылды.

     Бұл жағдай босату сәтіне дейін тауарларды уақытша сақтау қоймаларында болу уақытына әсер етті, бұл кәсіпкерлерге тауарларды сақтауға арналған қаржы шығындарын азайтуға мүмкіндік берді.

Егер бұрын тауарлар уақытша сақтау қоймаларында 2 күнге дейін сақталса, қазіргі танда тауарлардың сақтау қоймаларында болу  ұзақтығы бір күннен аз уақытқа дейін азайды.

Жасыл дәліз бойынша декларацияны өңдеуге және шығаруға арналған уақыт 1 минуттан аспайды. Бұрын осыған ұқсас экспорттық рәсімдеріне 45 минут кететін және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жеке кеден органына келуі қажет болатын.  

Тауарларды  кедендік  декларациялау  максаттары  ұшiн  тұлганың таңдауы бойынша  кеден  органы  лауазымды  адамының транзиттік  декларацияны,  жолаушыларга  арналган  кедендік  декларацияны, көлік  кұралына  арналган  декларацияны,  сондай-ақ  тауарларды  экспорт кедендік  рәсімімен  орналастыруга  байланысты  кедендік  операцияларды жасаган  кезде  тауарларга арналган  кедендік декларацияны  толтыруына жол беріледі

Мәлімет үшін, ағымдағы  жылдың сәуір  айынан бастап Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі еңгізгеннен кейін импорт-40   режимі бойынша 803 декларация рәсімделген, ал осы жылдың қаңтарынан жұмыс істей бастаған экспорт-10 режимі бойынша 2231 декларация, басқа процедуралар бойынша – 103 тауар декларация рәсімделген.

Болашақта АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі «бір терезе» принципі бойынша  Қазақстан  Республикасының басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктіріледі, бұл жағдай кедендік ресімдеуін онлайн тәртібінде атқаруға мүмкіндік береді.

Ұсынылатын кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі жалпы сауданы жеңілдетуге бағытталған.

Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасының басшысының м.а. Бекболат Кокушев  қатысушыларының назарына кедендік  заңнамасында кедендік тексеру бойынша өзгерістер туралы ақпарат жеткізді.

      Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Шынар Мусина  «Түбіртекті талап етіп жүлде ұтып ал» акциясы туралы баяндама жасады.

    Ағымдағы жылғы 1 мамырынан бастап  «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік Палатасының қолдауымен Мемлекеттік кірістер Комитеті «Түбіртекті талап етіп жүлде ұтып ал» акциясын өткізілуде. Оның мақсаты азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

      Осы жылғы акция «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қаржылық қолдауымен электрондық форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобилді қосымшасы  арқылы өткізіледі.

     Іс-шара ағымдағы жылғы 1 мамыр мен 30 қараша аралығында өткізіледі. Осы кезеңде барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында ай сайын жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау өтеді.

    Бас финал жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде болады. Онда бағалы жүлделер, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.

Өткізілген іс-шара барысында брифинг қатысушаларынан түскен сұрақтарға толық жауап қайтарылды.