Дата публикации: 05.07.2019 16:38
Дата изменения: 05.07.2019 16:59

  Бүгін Ақмола облысы Целиноград ауданында Елорда күніне арналған салтанатты жиында аудан әкімі Малғаждар Таткеев Целиноград ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы міндетін атқарушы Сәуле Гумароваға «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

  Өз сөзінде аудан әкімі,  Отанына және халқына мүлтіксіз қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылатынын, ауданның өркендеуіне салық саласында 35 жылдан аса қоғам игілігі үшін атқарған еңбегіне шын жүректен алғыс білдіріп, егеменді еліміздің қазынасын толтыруда, өркениетті еліміздің гүлденуіне салық қызметінің ел экономикасындағы алар орны ерекше және Мемлекетіміздің әлеуметтік ахуалын көтеруге тікелей өздерінің білімін күш-жігерін жұмсау арқылы үлес қосып отырған бұл сала мамандары қай уақытта да мезгілмен санаспайтын тынымсыз еңбектерімен ерекшеленетінін атап өтті.

  Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы құттықтауларға қосыла отырып Сәуле Имантайқызына енбекте үлкен табыс тілейді.