
«Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 197 бұйрығымен «Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Қазақстан Республикасының техникалық регламенті күшіне енді.
«Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Қазақстан Республикасының техникалық регламентіне сәйкес, өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау:
1) пестицидті мемлекеттік тіркеу;
2) міндетті сәйкестікті растау түрінде жүзеге асырылады.
Өсімдіктерді қорғау құралдарды (пестицидтерды) сертификаттау міндетті сертификациялау түрінде жүзеге асырылады.