Жарияланған күні: 22.10.2020 17:32
Өзгертілген күні: 23.10.2020 17:29

 Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Сыбайлас жемқорлаққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық негіздерін жетілдіру туралы» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.

Кеңесті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Шыңгыс Әнуарбеков ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің стратегиялық дамуының басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті, осыған байланысты Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін сақтау және арттыру жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

Департамент қызметкерлерінің алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі негізгі жұмыс сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуда мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіруге баса назар аударылғанын, мемлекеттік қызметшілердің қызметінде парасаттылық, құқықтық мәдениет қағидаттарын қолдану туралы атап көрсетті.

Сонымен қатар, М.Төлеубаев "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың назарына жеткізді. Түзетулердің негізгі міндеті сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі алдын алу бойынша қосымша шараларды енгізу болып табылады.

Өңірде «Ақмола –адалдық аланы», жобалық кеңсе жұмыс істейді, оның міндеттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылауды күшейту, парасаттылық идеологиясын ауқымды ілгерілету, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Anticor ortalygy» сервис орталығының алаңында бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау бойынша және басқа да тақырыптары жөнінде түсіндіру жұмыс жүргізетіні туралы атап өтілді.

Мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі және кешенді түрде жүргізілуде.

Қызметтің басым бағыты мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ашықтыққа, олардың сапасы мен қолжетімділігіне азаматтардың сенім дәрежесі байланысты.

Жыл басынан бастап алты жүз елу мыңдай мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 99 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.

Кездесу барысында өзара іс-қимыл мәселелері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу әдістері талқыланды.