
Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары басшылық қызмет атқаратын және ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінде бұл лауазым басшының орынбасары Әсем Амангелдіқызы Шәкіроваға жүктелді.
Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің барлық жұмыс бағыттарын ескере отырып, консультациялық және түсіндіру жұмыстары, жеке қабылдау, профилактикалық әңгімелесулер жүргізіледі, киімнің жалпы қабылданған іскерлік стиліне сәйкестікті сақтау туралы, қоғамға жат жүргізу жағдайларына жол бермеу, қарапайымдылық таныту және т. б. туралы түсіндірме хаттар жолданады.
Департаментте Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы және әдеп нормаларын сақтау бойынша техникалық оқулар өткізіледі. Департаменттің интернет-ресурстары арқылы белсенді жұмыс жүргізілуде.
Осының барлығы қызметкерлерде талаптарға, шектеулерге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мен әдеп нормаларына түсінік қалыптастыру тұрғысынан өзінің оң нәтижелерін береді.
Ықтимал мүдделер қақтығысы немесе этикалық сипаттағы басқа да мәселелер туындаған жағдайда мемлекеттік қызметшілермен байланысатын әрбір азамат Әдеп жөніндегі уәкілге консультация алуға жүгіне алады.
Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің Әдеп сақтаудың барлық мәселелері бойынша хабарласуға болады
мекенжайы: Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы, 21а үй, 309-кабинет.
байланыс телефоны: 8(7162)72-12-36
электрондық мекен-жайы: as.shakirova@kgd.gov.kz




























