
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында салтанатты іс-шара өтті. Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Шыңғыс Әнуарбеков құттықтау өз сөзінде біздің қазіргі қоғамызда әйел тек отбасының береке –бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге белсене араласатын қоғам мүшесі екенін атап өтті. Мемлекеттік кірістер департаментінде жұмыс істейтінін әйелдер еліміздің экономиканың дамуына және республикамыздың әл-ауқатына үлкен үлес қосуда. Олар қызмет көрсету орталықтарында, кеден бекеттерінде және басқада жауапты салаларында жұмыс атқаруда. Олардың жоғары кәсібилік, тәртіп пен жауапкершілік кез келген тапсырмаларды қысқа мерзімде орындауға көмектеседі.
Көктемгі мереке қарсаңында адал еңбегі, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қосқан жеке үлесі үшін Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен берешектермен жұмыс басқармасының бас маманы Ольга Павликовская марапатталды. Сонымен қатар үлгілі және көп жылғы қажырлы еңбегі үшін Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының Алғыс хаттарымен камералдық мониторинг басқармасының бас маманы Майра Рахметова, берешектермен жұмыс басқармасының бас маманы Маржан Шапиева, Атбасар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Рашида Альбекова, Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Наталья Кавинская марапатталды.
Шара барысында мерекеге арналған бейнеролик көрсетілді, сонымен қатар облыстық Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театры әртістерінің концерті өтті. Мемлекеттік кірістер департаментінің ер азаматтары музыкалық құттықтауды ұсынды.






























