
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті «Чекті талап ет – сыйлық ұтып ал» науқанының басталғаны туралы хабарлайды. Аталған науқанҚазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитеті өткізіп жатқан жалпы республикалық іс-шара болып табылады. Науқан2015 жылдың1 сәуірінен бастап 30 қарашасына дейінжүргізіледі.
Науқанның негізгі мақсаттары:
- азаматтық белсенділікті арттыру жәнехалықтың салықтық сауаттылығын дамыту;
- халықпен ақшалай есеп айырысу жүргізу кезінде бақылау-кассалық машиналарын қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы жөніндегі қоғамдық пікірді қалыптастыру;
- тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушы ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелері бойынша азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу;
- бақылау-кассалық машиналарын қолдану бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары туралы салық төлеушілер мен қоғамды ақпараттандыру;
- бақылау-кассалық машиналарын қолдану арқылы Қазақстанның салық төлеушілері арасындағы салық тәртібін көтеру есебінен бюджеттерге салық төлемдерінің түсімдерін ұлғайту;
- көлеңкелік экономиканың мөлшерін қысқарту;
- кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру.
Толық ақпаратты Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістердің аумақтық басқармаларында біле аласыздар.
Науқанның ең белсенді қатысушысы болыңыз!