
Ақмола облысының аумағында «Борышкер» профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Басты мақсат – төленбеген әкімшілік айыппұлдар, көлік және басқа да төлемдер бойынша салық берешегін өтеу деңгейін көтеру.
Бірлескен жоспар аясында құзыретті органдар – Мемлекеттік кірістер департаменті, Полиция департаменті, жеке сот
орындаушылары «Автоураган» мамандандырылған көлігінің көмегімен жеке тұлғалардың көлік салығының,
алименттер және әкімшілік өсімпұлдары қарыздарын өтеу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы және конституциялық міндеті болып табылады - дейді Мемлекеттік кірістер департаменті берешектермен жұмыс басқармасының бөлім басшысы Тобыл Демесинов - шараның екі күні
нәтижесінде 107 салық төлеуші 2 млн. 160 мың 253 теңге көлемінде өз қарыздарын орнында төледі. Сонымен қатар 141 салық
төлеушілерге 3 млн. 366 мың 560 теңге көлемінде хабарламалар берілді.Осындай іс шара күнделікті жүргізіліп отырады,
сондықтан қарыздары бар тұлғаларға төлемдерін заңмен белгіленген уақытында жүргізіп отыруларын сұраймыз.
Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар көлік құралдарына салық төлеушілер болып табылады, егер жеке тұлға автокөлікті сенімхат бойынша басқарса, онда төлем иесінің ЖСН-де ғана жүргізілуі тиіс. Төлеу тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.
Көлік құралдары салығы бойынша берешек сомасын «Е Салык-Азамат» мобильді қосымшада, сондай-ақ Telegram чат ботында «@SalyqBot» және Қазақстан Республикасы Қаржы минстрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан есептей аласыз.
Құрметті салық төлеушілер, көлік құралдары салығы бойынша қарыз сомасын төлемеген кезде сіз өз берешегіңізді арттырасыз, өйткені әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл салынады.





























